Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ «География» 8-сынып 1-тоқсан «Картография және географиялық»

БЖБ «География» 8-сынып 1-тоқсан «Картография және географиялық»

24 ноя 2023, 12:38
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 8 сынып
31
0

«Картография және географиялық»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«География» 8-сынып 1-тоқсан

 
Әдістемелік ұсыныстар 8-сынып білім алушыларына «География» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін мұғалімге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 8-9-сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың  тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген. 

БЖБ «География» 8-сынып 1-тоқсан «Картография және географиялық»

«Картография және географиялық деректер базасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
 
Тақырып Тақырыптық карталар және оларды қосымша сипаттайтын элементтер.Тақырыптық карталарды оқу. Тақырыптық географиялық номенклатура.
 
Оқу мақсаты 8.2.1.1 Тақырыптық карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді  құрастырады: профиль, диаграмма, график, кесте 8.2.1.2 Географиялық шартты белгілер мен карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді қолдана отырып, тақырыптық карталарды оқиды
8.2.1.3 Географиялық номенклатура нысандарын кескін картадан көрсетеді
 
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырыптық карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді сызады
• Тақырыптық карталарды оқиды
• Географиялық нысандарды кескін картада белгілейді
Ойлау деңгейлері Қолдану
 
Орындау уақыты 20 минут
 
 
Тапсырма
 
1. Дүниежүзінің климаттық белдеулер картасы берілген. Картаны берілген элементтер бойынша толықтырыңыз.
 
(a) Дүниежүзінің ең ыстық және ең суық жерін тауып, температурасын сандық көрсеткішпен жазыңыз.
(b) Дүниежүзіндегі ең ылғалды және ең құрғақ жерді тауып, жауын-шашын мөлшерін сандық көрсеткішпен жазыңыз.
(c) Гольфстрим, Курасио, Батыс Желдер ағыстарының бағытын сызықтық белгімен сызып, толықтырыңыз.
 
 
 2. Қазақстанның табиғат зоналары картасы берілген.
 
 
Шартты белгілер мен қосымша элементтерді (сапалық бояулар мен суреттер) қолданып,  картаға сипаттама жасаңыз._____________________________________________________  ____________________________________________________________________________
 
3. Қазақстанның саяси – әкімшілік картасын қолданып, кескін картаға шекаралас мемлекеттерді белгілеңіз.


Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.