Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ «Қазақ тілі» 9-сынып 1-тоқсан «Мәңгілік Ел – мұратым»

БЖБ «Қазақ тілі» 9-сынып 1-тоқсан «Мәңгілік Ел – мұратым»

29 ноя 2023, 11:02
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 9 сынып
142
0

«Мәңгілік Ел – мұратым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі» 9-сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 9-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ «Қазақ тілі» 9-сынып 1-тоқсан «Мәңгілік Ел – мұратым»

«Мәңгілік Ел – мұратым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 9.1.2.1 Қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми
тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең
көлемді мәтіндердегі (жолдау) мақсатты аудитория
мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Әр түрлі жанрдағы көлемді мәтіндердің (жолдау)
мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш
құралдардың қызметін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Қымбатты отандастар!
Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз!
Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан!
Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы.
Бабаларымыздың арманы.
Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел
болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды.
Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен Қазақстандық
жол тәжірибесі. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді
нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық
негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр.
Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, Қазақстан халқы Ассамблеясына «Қазақстан2050» жалпыұлттық қозғалысымен бірлесіп, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін әзірлеп,
қабылдауды ұйымдастыруды тапсырамын.
Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен
барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барша қазақстандықтарды 2050
Стратегиясының басты мақсатына жету жөніндегі жұмысқа белсене қатысуға
шақырамын! Әсіресе, жастарымызға мынаны айтамын. Бұл Стратегия сіздерге арналған.
Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Өз жұмыс орындарыңызда отырып,
осы жұмысқа әрқайсысыңыз атсалысыңыздар. Немқұрайлылық танытпаңыздар.
Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар!
1. Бұл мәтін қандай мақсатта жазылған? Аудиториясы кімдер?
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
2. Мәтіннен 3 көркемдегіш құралды теріп жазып, түрлеріне қарай ажыратыңыз. Бұл
көркемдегіш құралдарды автор не үшін қолданды?
Көркемдегіш құрал Мәтіннен мысал Автор не үшін
қолданды?
Эпитет
Метафора
Метонимия 



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.