БЖБ «Физика» 9-сынып 1-тоқсан «Астрономия негіздері»
«Астрономия негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Физика» 9-сынып 1-тоқсан
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған
БЖБ «Физика» 9-сынып 1-тоқсан «Астрономия негіздері»
«Астрономия негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 9.7.2.1 - абсолюттік және көрінерлік жұлдыздық
шамаларды ажырату
9.7.2.2 - жұлдыздырдың жарқырауына әсер ететін
факторларды атау
9.7.2.3 - аспан сферасының негізгі элементтерін атау
9.7.2.8 - Күн жүйесіндегі денелердің ара қашықтығын
немесе өлшемдерін анықтау үшін параллакс әдісін
қолдануды түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы:
Абсолюттік және көрінерлік жұлдыздық
шамаларды ажыратады
Жұлдыздырдың жарқырауына әсер ететін
факторларды жазады
Аспан сферасының негізгі элементтерін
сипаттайды
Күн жүйесіндегі денелердің ара қашықтығын
немесе өлшемдерін анықтау үшін параллакс
әдісін қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
Тапсырмалар
1. (a) Абсолют жұлдыздық шама мен көрінерлік жұлдыздық шаманың айырмашылығы
неде?
(b) Жұлдыздардың негізгі сипаттамасы, оның жарқырауы.
(i) Жұлдыздардың жарқырауының температурадан тәуелділігін сипаттаңыз.
(ii) Жұлдыздардың жарқырауының жұлдыз өлшеміне тәуелділігін сипаттаңыз.
(с) Күн – аспандағы жарық жұлдыздардың бірі. Күнге қарағанда Сириустың
жарықтылығы 25 есе, ал Ригельдыкі – 130 мың есе күшті. Аспанда неліктен
Сириустың жарқырауы жоғары?
2. (а) Аспан сферасы дегеніміз не?
(b) Аспан сферасының негізгі элементтерін атаңыз.
(c) Эклиптика дегеніміз не?
3. Жерден Күнге дейінгі орташа қашықтық 1,5∙1011 м болса, парсек неге тең екенін
есептеңіз.
4. Белгісіз бір Х жұлдыздың жылдық параллаксі 0,5//. Бұл жұлдыз Күнмен салыстырғанда
бізден неше есе қашық жатқанын анықтаңыз.
Cкaчaть документ