Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ 10-сынып Геометрия, 2-тоқсан ЖМБ «Кеңістіктегі перпендикулярлық»

БЖБ 10-сынып Геометрия, 2-тоқсан ЖМБ «Кеңістіктегі перпендикулярлық»

14 дек 2023, 16:36
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 10 сынып
348
0

«Кеңістіктегі перпендикулярлық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Геометрия 10-сынып 2-тоқсан (жаратылыстану-математикалық бағыт)

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып оқушыларына «Геометрия» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім  ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың бөлім бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген

БЖБ 10-сынып Геометрия, 2-тоқсан ЖМБ «Кеңістіктегі перпендикулярлық»

«Кеңістіктегі перпендикулярлық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы
Үш перпендикуляр туралы теорема
Кеңістіктегі арақашықтықтар
Кеңістіктегі бұрыштар
Жазықтықтардың перпендикулярлығы
Оқыту мақсаттары 10.2.8 Кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің
проекциясы анықтамаларын білу
10.3.1 Үш перпендикуляр туралы теореманы білу және оны
есептер шығаруда қолдану
10.3.5 Нүктеден жазықтыққа дейінгі және айқас түзулер
арасындағы арақашықтықтарды таба білу
10.3.2 Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың
анықтамасын білу, кескіндей алу және оның шамасын
табу
10.3.3 Жазықтықтар арасындағы бұрыштың (екіжақты
бұрыш) анықтамасын білу, кескіндей алу және оның
шамасын табу
Бағалау критерийлері Білім алушы:
 Кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің
проекциясы ұғымдарын қолданады
 Үш перпендикуляр туралы теореманы қолданады
 Түзу мен жазықтық арасындағы бұрышты
кескіндейді және оның шамасын табады
 Жазықтықтар арасындағы бұрышты (екіжақты
бұрыш) кескіндейді және оның шамасын табады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар
1. Жазықтықтан тыс орналасқан нүктеден осы жазықтыққа ұзындықтары 20 см және 15 см
болатын екі көлбеу жүргізілген. Бірінші көлбеудің проекциясы 16 см. Екінші көлбеудің
проекциясын табыңыз.
2. Кеңістіктегі А нүктеден
CDE
теңбүйірлі тікбұрышты үшбұрыш (𝐶 = 900
)
жазықтығына
CA
перпендикуляры жүргізілген.
CA  35дм
және
CD 12 2 дм.
A
нүктесінен
DE
түзуіне дейінгі қашықтықты табыңыз.
3. ABCDA'B'C'D'
бірлік текшесінде (кубында)
ABCD
жазықтығы мен
AC'
түзуі
арасындағы бұрыштың косинусын табыңыз.



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.