Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ 10-сынып Дүниежүзі тарихы, 1-тоқсан ЖМБ «Өркениет: даму ерекшеліктері»

БЖБ 10-сынып Дүниежүзі тарихы, 1-тоқсан ЖМБ «Өркениет: даму ерекшеліктері»

14 дек 2023, 16:38
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 10 сынып
127
0

«Өркениет: даму ерекшеліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Дүниежүзі тарихы» 10-сынып 1-тоқсан (жаратылыстану-математикалық бағыт)

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, йымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.


БЖБ 10-сынып Дүниежүзі тарихы, 1-тоқсан ЖМБ «Өркениет: даму ерекшеліктері»

«Өркениет: даму ерекшеліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Өркениеттің дәстүрлі (аграрлық)түрі: көшпелі және
отырықшы-егіншілік Африка, Америка, Австралия және
Океанияның дәстүрлі өркениеттері. Өркениеттер
әрекеттестігінің сауда- экономикалық аясы
Оқу мақсаты 10.1.2.1 Өркениеттің дәстүрлі түрінің ерекшеліктерін
түсіндіру
10.1.3.4 Локальді өркениеттердің ерекшеліктерін оларға
тән белгілерін салыстырмалы талдау негізінде анықтау
10.1.4.2 Әлемдік экономиканың дамуындағы халықаралық
ұйымдардың рөлін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы:
 Өркениеттің дәстүрлі түрінің ерекшеліктерін
анықтайды
 Өркениеттердің ерекшеліктерін салыстырмалы
талдау арқылы ажыратады
 Әлемдік экономиканың дамуындағы халықаралық
ұйымдардың рөлін көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Тест тапсырмаларын орындаңыз.
1.1. Өркениеттің дәстүрлі түрі ...
А) көбінесе ауылдық қоғам, индустриалды емес, бүгінгі индустриалдық қоғамға қарсы,
өндіру мен мәдени мұраларды сақтайтын қоғам
B) машина жасау, зауытты ұйымдастыру, еркін сауда және базар, ең жоғары
капиталдандыру
C) капитализм, социализммен салыстырғанда әлеуметтік-экономикалық, саяси және
рухани салалардағы ең жоғары көрсеткіштері
D) шығармашылық, интеллектуалдық еңбектің жаппай таралуы, ғылыми білім мен
ақпарат көлемінің, мәдениет салаларының дамуы
1.2. Дәстүрлі өркениеттің негізгі белгілерін көрсетіңіз.
А) отырықшылық, көшепелілік, сауда
B) өндірістік қатынастардың дамуы
C) тауар-ақша қарым-қатынастары
D) ақпараттық жүйелердің қарқынды дамуы
1.3. Дәстүрлі өркениеттің отырықшы түрінің негізгі белгілерін көрсетіңіз.
А) егіншілік, қалалық мәдениет, қолөнер, сауда
B) көшпелі мал шаруашылығы
C) жартылай көшпелі мал шаруашылығы
D) заманауи қаржы жүйесінің қалыптасуы
1.4. Қазақ халқының мәдениеті өркениеттің қайсысына жататын табыңыз.
А) отырықшы түрі
B) көшпелі түрі



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.