БЖБ 11-сынып Дүниежүзі тарихы, 1-тоқсан ЖМБ «Өркениет: даму ерекшеліктері»
«Өркениет: даму ерекшеліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Дүниежүзі тарихы» 11-сынып 1-тоқсан (жаратылыстану-математикалық бағыт)
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушыларына «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, йымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
БЖБ 11-сынып Дүниежүзі тарихы, 1-тоқсан ЖМБ «Өркениет: даму ерекшеліктері»
«Өркениет: даму ерекшеліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Жоспарлы (социалистік) экономика
Нарықтық экономика
Мемлекеттердің экономикалық дамуындағы табиғигеографиялық шектеуші факторларға төтеп берудің тарихи
мысалдары
Оқу мақсаты 11.1.1.4 Экономикалық жүйелердің түрлері туралы
білімдерін пайдалана отырып, экономикалық дамудың
ерекшелітерін түсіндіру
11.1.1.5 Елдердің мысалында нарықтық экономикаға тән
белгілерді анықтау
11.1.2.3 Қазіргі заман тарихында шектеуші табиғигеографиялық факторлар жағдайындағы мемлекеттердің
сәтті экономикалық дамуының мысалдарын тұжырымдау
Бағалау критерийі Білім алушы
Экономикалық дамудың ерекшелітерін түсіндіреді
Нарықтық экономикаға тән белгілерді көрсетеді
Шектеуші табиғи-географиялық факторлар
жағдайындағы мемлекеттердің сәтті экономикалық
дамуының мысалдарын қарастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1.Төменде көрсетілген экономикалық жүйелердің әр қайсысының бір тиімді тұсын және бір
тиімсіз тұсын көрсетіңіз:
Дәстүрлі экономика Жоспарлы экономика Аралас экономика
+
-
2. Төменде әр түрлі елдердегі, әр түрлі экономикалық жүйелердің белгілерінен нарықтық
экономикаға тән белгілерді анықтаңыз:
А) Ұрпақтан-ұрпаққа берілетін дәстүрлер қандай тауарлар мен қызметтер қалай және кім
үшін өндіру керектігін анықтайды
B) Реттеудің нарықтық тетіктері негізінде негізгі экономикалық мәселелерді еркін шешу
C) Өндірістің артта қалған технологиясы
D) Жеке меншіктің басымдылығы
E) Экономикалық шешімдерді негізінен мемлекеттік билік өкілдері қабылдайды
F) Еркін бәсекелестік
G) Нарықтық экономиканың кемшіліктері мемлекеттік реттеумен реттеледі
H) Мемлекеттің ең төменгі әсері
Нарықтық экономикаға тән белгілер
Cкaчaть документ