Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » ТЖБ 10-сынып Қазақстан тарихы 2-тоқсан (ЖМБ)

ТЖБ 10-сынып Қазақстан тарихы 2-тоқсан (ЖМБ)

17 дек 2023, 16:42
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 10 сынып
123
0

Қазақстан тарихы 10 сынып 2-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.«Қазақстан тарихы» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (10 сыныптар)

Тапсырма түрлері:
КТБ -көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ –қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖтолық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 10 тапсырмадан тұрады.
Тест тапсырмаларынан білім алушыұсынылған жауап нұсқаларыныңдұрыс бір жауабын таңдайды.
Білім алушықысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет.
Білім алушының Қазақстан тарихылық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

ТЖБ 10-сынып Қазақстан тарихы 2-тоқсан (ЖМБ)

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалау
тапсырмалары
1. Мәтінді қолдана отырып, әр кезеңде қазақ жерінде ру-тайпалық жүйенің қалыптасуына
дәлелдер келтіріңіз.
Б.з.б. І ғасырда Солтүстік ғұндардың құрамына кірген көптеген түркі тілдес тайпалар
Орталық Азиядан Тянь-Шань арқылы өтіп, Қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші отырды.
Ғұндардың Қазақстанға өтуінің екінші толқыны б.з. ІІ ғ. 1-жартысында орын алды. Ғұндардың
біріктіруші рөлінің арқасында сырттан келген тайпалармен байырғы тұрғындардың этникалық
жақындасуы іске асты.
VI ғасырда Қазақстан жері Түркі қағанаты құрамына енді. Осы қағанаттар құрамында
30-дан астам түркі тілдес ру-тайпалар болды. Үйсіндер мен қаңлылар оларға сіңісіп кеткен.
Мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуына, әсіресе екі мемлекеттің
тарихи рөлі күшті болды. Оның біріншісі Қыпшақ хандығы. Екіншісі Қарахан феодалдық
мемлекеті. Шығыстан монғол тектес көшпелі халықтар жасаған шапқыншылық оңтүстік және
оңтүстік-шығыс Қазақстанның қалыптасқан этникалық жайына соншалықты өзгеріс жасаған
жоқ.
Алтай жақтан ығысқан наймандар мен керейлер Қарахан мемлекетінің этникалық
құрамына елеулі әсерін тигізді. Осы бір сапырылыс кезінде шығыстан қидандардың
(қарақытайлықтардың) шапқыншылығы болып, Қарахан мемлекетінің жағдайы нашарлайды.
XIII ғ. басында Қарахан мемлекеті қайта көтеріліп келе жатқанда монғол шапқыншылығы
басталды. Сондай-ақ орталық, солтүстік, шығыс, батыс Қазақстан жеріндегі Қыпшақ
мемлекеті де сондай жағдайға душар болды. Сөйтіп, халық болып қалыптасу процесі 1,5
ғасырға дейін кешікті. Монғол шапқыншылығы салдарынан тұтас Ұлыстар орнағанмен,
Қазақстан жеріндегі ру-тайпалардың арасындағы байланыстар бұзылды.
Алайда, Қазақстан жерінде өмір сүрген ру-тайпалар түркі тілінде сөйлегенімен
территориялық бөлінуге ұшырап, Моғол, Әбілхайыр, Ноғай, Көшім хандықтарының қол
астында өмір сүріп жатты. Атақты «92 баулы қыпшақ» атты шежіреде көрсетілген бұл рутайпалардың барлығы кейіннен қазақтардың құрамына кірді. XIV-XV ғғ. феодалдық
қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында
болып жатқан түрлі соғыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, барған сайын
белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары этникалық жағынан біртұтастықа ұмтылды.
Нәтижесінде үш этникалық-шаруашылық топқа бөлініп, үш жүз пайда болды. 




Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.