Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ 11-сынып Физика, 2-тоқсан ЖМБ «Толқындық қозғалыс»

БЖБ 11-сынып Физика, 2-тоқсан ЖМБ «Толқындық қозғалыс»

17 дек 2023, 19:44
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 11 сынып
107
0

«Толқындық қозғалыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Физика» 11-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушыларына «Физика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған

БЖБ 11-сынып Физика, 2-тоқсан ЖМБ «Толқындық қозғалыс»

«Толқындық қозғалыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 11.5.1.1 - ауадағы тұрғын дыбыс толқындарының пайда
болуын зерттеу;
11.5.1.4 - Гюйгенс принципін және механикалық
толқындарда дифракциялық көріністі бақылаудың
шарттарын түсіндіру
11.5.1.2 - графикалық әдісті қолданып түйіндер мен
шоғырларды анықтау және тұрғын толқындардың пайда
болуын түсіндіру;
11.5.1.3 - судың бетінде екі көзде пайда болған
интерференцияны зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Ауада пайда болған тұрғын дыбыс толқындарының
сұлбасын пайдалана отырып, неліктен тұрғын
толқын пайда болатындығын, оның толқын
ұзындығы мен жиілігін және таратушы көзден
шыққан микротолқының жазық
поляризацияланатындығы қалай анықтауға
болатындығын сипаттайды;
 Дифракция құбылысын Гюйгенс принципіне сүйене
отырып сипаттайды, суретін сызады;
 Аспап ішегінің қозғалысы кезіндегі тұрғын
толқынның пайда болуын түсіндіреді, графикалық
әдісті қолдана отырып, түйіндер мен шоғырларды
анықтайды және тұрғын толқынның ұзындығы мен
фазаларын анықтай алады;
 судың бетінде екі көзде пайда болған
интерференцияны зерттей отырып, қажетті
шамаларды сипаттайды;
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 30 минут
Тапсырмалар
1. Төмендегі суретте микротолқынның толқын ұзындығын анықтау үшін қолданылатын
құрылғы сұлбасы бейнеленген.
Таратушы көзден шыққан микротолқын TP бағытында металл пластинаға қарай
перпендикуляр қозғалады. Тұрғын толқын ТР аралығында пайда болады.
(і) неліктен бұл аралықта тұрғын толқын пайда болатындығын түсіндіріп жазыңыз.
.............................................................................................................................................................



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.