Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ 11-сынып Физика, 2-тоқсан ЖМБ «Толқындық оптика»

БЖБ 11-сынып Физика, 2-тоқсан ЖМБ «Толқындық оптика»

17 дек 2023, 19:46
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 11 сынып
162
0

«Толқындық оптика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Физика» 11-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушыларына «Физика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған

БЖБ 11-сынып Физика, 2-тоқсан ЖМБ «Толқындық оптика»

«Толқындық оптика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 11.6.1.3 - механикалық және жарық толқындарының
интерференциялық көріністеріне салыстырмалы талдау
жүргізу;
11.6.1.4 - жұқа пленкаға түскен және шағылған
жарықтардан пайда болған интерференциялық
максимумдар мен минимумдарды бақылау шарттарын
анықтау;
11.6.1.6 - жарықтың толқын ұзындығын дифракциялық
тордың көмегімен эксперимент арқылы анықтау;
11.6.1.7 - жарықтың қасиеттерін талдай отырып,
эксперимент арқылы жарықтың электромагниттік
табиғатын дәлелдеу;
Бағалау критерийі Білім алушы
 Механикалық толқын мен жарық толқындарының
интерференциясын салыстырады;
 Жарық үшін шағылудың интерференциялық
минимумы пайда болатындай минимал қалыңдығын
анықтайды;
 Берілген эксперимент нәтижелерін пайдалана
отырып, дифракциялық тордың периодын және
түскен монохроматты сәуленің толқын ұзындығын
анықтайды;
 Жарықтың қасиеттерін атай отырып, оның
электромагнитті толқын екендігін дәлелдейді;
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырмалар
1. Механикалық толқын мен жарық толқындарының интерференциясын салыстырыңыз
Механикалық толқын интерференциясының шарттары және қолдануы
.......................................................................................
.............................................................................................................................................................
.............................................................................................................................................................
Жарық толқынының интерференциясының шарттары және қолдануы
.........................................................................................
.............................................................................................................................................................
.............................................................................................................................................................
[4]
2. Сыну көрсеткіші 1.2 болатын қабықшаға нормаль бағытпен түсетін толқын ұзындығы 550
нм жарық үшін шағылудың интерференциялық минимумы пайда болатындай минимал
қалыңдығын анықтаңыз.
[3]
3. Оқушы зерттеу жұмысы кезінде бір миллиметрде 120 сызықшасы бар дифракциялық
торға монохроматты жарық түсірген. 



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.