Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » «Қазақ тілі» 1-сынып күнтізбелік тақырыптық жоспары

«Қазақ тілі» 1-сынып күнтізбелік тақырыптық жоспары

08 авг 2023, 10:10
Қазақша / КТЖ / 1 сынып
166
0

«Қазақ тілі» 1-сынып күнтізбелік тақырыптық жоспары     

1 сыныпта «Қазақ тілі» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу бағдарламасы негізінде әзірленді. ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы№199 бұйрығына қосымша, Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 сәуірдегі № 115 қаулысымен қаулысымен бекітілген. Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген. Мұғалім тоқсан бойынша белгіленген сағат сандарын  тарауларға жіктей алады және оқу мақсатына кететін уақытты (сағатты) өзі белгілей алады. Мұғалім белгілі бір тарауда ұсынылған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін олардың ретін ауыстыра алады, тарау барысында бірнеше рет қайталап ұсына алады және оқушылардың қажеттілігіне сай қосымша оқу мақсаттарын таңдай алады. Бір сабақта кемінде 1-2 оқу мақсатын қамтыған дұрыс. Мұғалім оқу бағдарламасында көрсетілген тарау атауларына сәйкес сабақтың лексикалық тақырыбын өзі таңдап құрастырады немесе  белгіленген оқулыққа сүйене алады. Таңдаған тақырыпқа байланысты сағат санын өзі белгілей алады. Жылдық жүктеме 70 сағат, аптасына 2 сағат. Оқыту мақсаттары арқылы мұғалімдер сөйлеу қызметінің төрт дағдысын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым)  қалыптастырады, сонымен қатар, оқушылардың жетістігін бағалайды және оқытудың келесі кезеңі туралы ақпарат береді. Оқу жоспары, пән туралы түсініктеме. 1- сыныпқа арналған орта мерзімді оқу жоспары «Қазақ тілі» оқу бағдарламасынегізінде құрастырылған. Орта мерзімді жоспардың мақсаты – мұғалімге әдістемелік көмек көрсету. Оқушыларға мемлекеттік тілді үйретумен қатар, оны қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға тәрбиелеу. Сөйлесім әрекетінің түрлерін дамыту, дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. 1.      Өзім туралы 2.      Менің мектебім 3.      Менің отбасым және достарым 4.       Бізді қоршаған әлем 5.      Саяхат 6.      Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті 7.      Тағам және сусын 8.      Дені саудың-жаны сау               Аталған ортақ тақырыптар өз ішінде бір-бірімен лексика-грамматикалық жағынан тығыз байланысты бірнеше сабақтан тұрады. Әр сабақтың мазмұны жеңілден күрделіге қарай принципі бойынша құрастырылған. Оқушылардың белсенді сөздік қоры әр сабақ сайын арта түседі, дегенмен әр сөздің қайталану жиілігі оқулық мазмұнында ерекше ескерілген.  Ұсынылып отырған  бағдарламадағы ортақ тақырыптардың тұсында оқушылар бойында қалыптасатын дағдылар берілген. Жаңартылған оқу бағдарламаларының икемділігі мен жан-жақтылығы оның маңызды сипаттамасы болып табылады. Мұғалімдер тараудың және тиісті тоқсанның аясында тараулар мен бөлімдерді оқытудың ретін өзі анықтауға құқылы. Мұғалімдер бірнеше мақсатқа жетуге бағытталған тапсырмаларды құрастыра алады. Оқу бағдарламасы мұғалімдердің оқу мақсатын жиынтықта орындаған жағдайда оқу бағдарламасындағы оқу мақсатына жетуге әкелетін бірнеше мақсаттарға бөлуіне мүмкіндік береді. Мұғалімдер тақырыпқа /оқу мақсатына берілген сағат санын өз бетімен анықтауларына болады. Бұл шешім оқу-әдістемелік бірлестігінің отырысында қабылдана алады. Жоспарлау кезінде мұғалімдер бекіту және қайталау сабақтарын ескерулері тиіс.





Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.