Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » «Қазақ тілі » 2-сынып күнтізбелік тақырыптық жоспар

«Қазақ тілі » 2-сынып күнтізбелік тақырыптық жоспар

08 авг 2023, 10:49
Қазақша / КТЖ / 2 сынып
1 355
7

«Қазақ тілі » пәні бойынша 2-сыныпқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар


Апталық жүктеме 4 сағат,  жылдық жүктеме 144 сағат.

Алматы «Атамұра» баспасы  2022ж. Авторы: Ә.Е.Жұмабаева, Г.И. Уайсова, Г.Т.Сәдуақас

Қазақ тілі (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)


«Қазақ тіл» пәні бастауыш мектепте гуманитарлық білім берудің бастапқы өзегі болып табылады. Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану.


Пәннің мазмұны мәтін түрлері, көркем шығармалар мен аутентті материалдар арқылы оқушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыруды, оқығаны бойынша пікір білдіруді және оны дәлелдеуді, белгілі бір тақырыпқа байланысты өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша және жазбаша жеткізе білуге дағдыландыруды, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бағалауды, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланыс орнатуды, жоспар құруды, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды қамтиды.


Пәнді оқытудың басты ерекшелігінің бірі оқушылардың сауаттылығын арттыру және тілін дамыту мақсатында жазба жұмыстарын жүргізіп отыру болып табылады. Мысалы, мына тапсырма үлгілері жазылым дағдысын дамытуға ықпал етеді:


1) оқушыларға таныс ертегі, әңгіме, өлеңдердің қысқаша мазмұнын жазу;


2) газет-журналдарға шағын хабарлама, мақала жазу;


3) белгілі оқиғаны өз ойынша өзгертіп аяқтау;


4) оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтау;


5) грамматикалық және ортақ тақырыптар аясында шығармашылық тапсырмалар (ребус, пиктограмма, сөзжұмбақ, сәйкестендіру және толықтыру тест тапсырмалары) құрастыру;


6) ақпаратты суреттер мен сызбалар, белгілер, пиктограммалар арқылы беру;


7) жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестерінен сөздік құрастыру;


8) сұхбатқа жазбаша сұрақтар дайындау.


9) диктант; грамматикалық тапсырмалар; бақылау ретіндегі көшіру; мазмұндама; шығарма; тест тапсырмалары.


Пән бойынша 2-сыныпта жүргізілетін жазба жұмыстарының көлемі:


1) сөздік диктант – 6-8 сөз;


2) диктант – 25-30 сөз;


3) мазмұндама – 40-60 сөз;


4) шығарма – 25-35 сөз.


          «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау жиынтық жұмыстарын жүргізуді көздейді. Бірақ қажеттілігіне қарай мұғалім қосымша жұмыстар (диктант,мазмұндама, шығарма және т.б.)жүргізе алады,олардың нәтижелері сынып журналына қойылмайды. Ол білім алушылардың жетістіктеріне аралық мониторинг жүргізудің бір түрі және жүргізілген жұмыс-ң нәтижелерін ұсына отырып, жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кері байланыс болып табылады.


57-кесте – Жиынтық бағалаудың рәсімдер саны. Әр БЖБ бойынша жалпы балл саны 10 балл, ал ТЖБ бойынша: 12-18 балл беру ұсынылады


Пән/Сынып


Жиынтық бағалау рәсімдері


І тоқсандағы ЖБ саны


ІІ тоқсандағы ЖБ саны


ІІІ тоқсандағы ЖБ саны


ІV тоқсандағы ЖБ саны


Қазақ тілі,2-сынып


2*


2*


2*


2*


* –Тексерілетін сөйлеу әрекетінің әрбір түрі үшін балдарды қою


Қалыптастырушы және жиынтық бағалау шеңберінде бағаның төмендеуіне әсер ететін қателер мен кемшіліктердің жіктелуі:


Қателер:


-​ сөздегі әріптердің орнын ауыстыру, алмастыру, артық әріптерді қосып жазу, сөздердің жазылу ережесін бұзу сияқты өрескел қателер;


-​ емле ережесі бойынша қате жазылған сөздер;


-​ мәтінде өтілген тыныс белгілерінің болмауы (сөйлемнің соңында) және бас әріптің сөйлем басында жазылмауы;


-​ орфографиялық ережелер бойынша жіберілген қателер; бір ережеге сәйкес келетін сөздердің әртүрлі сөзде кездесуі екі қате болып саналады;


-​ бірдей әріптен жіберілген қате үш рет қайталанса, екі қатеге есептелінеді, екі рет жіберілсе, бір қатеге есептелінеді;


-​ мазмұндама жазу кезінде шығарманың мәнін, мазмұнын өзгертетіндей, алшақтайтындай авторлық мәтіннен айтарлықтай ауытқулардың болуы;


-​ бөлімдердің арасында байланыстың болмауы, сөздік қоры жұтаң, мазмұнының негізгі бөлімінің болмауы, автор мәтінінде көрсетілген маңызды оқиғалардың қалдырылуы;


-​ мазмұндамада сөздердің сәйкес мағынада қолданылмауы.


Диктантта мына қателер бір қате ретінде саналады: екі түзету; екі пунктуациялық қате; бір сөзден жіберілген қатенің қайталануы; екі өрескел емес қате.


Өрескел емес қателер: сөзде бір әріптің қайталануы; сөздің қате тасымалдануы; сөйлемде бір сөздің екі рет қайталанып жазылуы, аяқталмаған сөз.


Кемшіліктер: келесі сөйлем бас әріппен жазылған жағдайда сөйлем соңында тыныс белгісінің қойылмауы; азат жолдың болмауы; мазмұндама жазу кезінде авторлық мәтіндегі оқиға қисынының шамалы бұзылуы.


Диктант үшін ұсынылатын мәтіндер орфографиялық тұрғыдан таныс болмаған жағдайда, яғни жіберілген қателер өтілген сабақтардың материалдарында қарастырылмаған жағдайда жіберілген қателер диктантта қате деп саналмайды.


Мазмұндаманы, шығарманы ұйымдастыру және өткізу


2-сыныпта оқушылардың өз ойын жазбаша тілде тиянақты түрде жеткізу білігін тексеру мақсатында мазмұндама, шығарма жазуға үйрететін жұмыс жүргізіледі. Осы жұмыстарға 1 сағаттан кем емес уақыт бөлу ұсынылады. Үйрету сипатындағы шығармашылық жұмыс жүргізудің кезеңділігі – шамамен 15 күнде бір рет.


Мазмұндама тақырыптарының көлемі диктант мәтіндерінің көлеміне қарағанда шамамен 15-20 сөзге артық болуы тиіс.


Шығарма жұмыстарын бағалау мөлшері. Шығарма тақырыбын таңдауда оның өмірмен байланыстылығы, балалар тәжірибесі мен қызығушылығына жақындығы, мазмұнының, мәтін құрылысы мен оның тілдік безендірілуінің қолжетімділігі ескерілуі қажет. Сонымен қатар бастауыш сынып білім алушыларына әртүрлі жағдайларда қауіпсіз іс-әрекеттер туралы және қауіпсіз іс-әрекеттер жасау мәдениеті туралы шығарма-ң тақырыптары ұсынылады.


Сөздік диктанттар ағымдағы тексеру жұмысы және бақылау (тоқсанына1рет) ретінде өткізіледі. Сөздік диктантардың мазмұнын жазылуы ережемен реттелмейтін сөздерден құралады.«Қазақ тілі» пәні 2-сыныпта аптасына 4 сағаттан оқытылып, жылдық жүктемесі 136 сағатты құрайды.


Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.    Қазақ тілі пәні,  2 сыныбы.    Аптасына: 4 сағат, барлығы: 144 сағат



Ауыспалы тақырыптар


Сабақтардың тақырыбы


Оқудың мақсаттары


Сағат саны


Мерзімі


Ескерту


І тоқсан  36 сағат


1


Өзім туралы


Тіл және сөйлеу


Сөйлеу дегеніміз не?


2.1.1.1 -  тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру 2.4.1.1әріптерінің емлесін сақтап жазу


1


 

 


2


Өзім туралы


Ауызша және жазбаша сөйлеу


2.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құрал-ы (қимыл, ым-ишара) қолданып, тақырыпқа(Сіз қалай ойлайсыз?Сіз не ұсынар едіңіз?) назарын аударту


1


 

 


3


Өзім туралы


Диалог. Монолог.


2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру


1


 

 


4


Өзім туралы


Өзіме киім үлгісін таңдаймын.У дыб-ң дауысты және дауыссыз болып айтылуы.


2.2.5.1-дереккөздер ден мәліметті табу жолын анықтап,  берілген тақырып, сұрақ бойынша мәліметті іріктеп алу 2.4.1.1әріптерінің емлесін сақтап жазу


1


 

 


5


Өзім туралы


У дыбысының дауысты және дауыссыз болып айтылуы. (Дала гүлдері)


2.3.4.1 мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді,сөйлем, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер, құттықтау, нұсқаулық (бұйым жасау нұсқаулығы, қауіпсіздік ережесі) құрастыру


1


 

 


6


Өзім туралы


У әрпінің жазылуы


2.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету және құрастырған сөйлемін толықтыру


1


 

 


7


Өзім туралы


У әрпінің жазылуы


Ы.Алтынсарин


2.2.3.1 - мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру


1


 

 


8


Өзім туралы


Кейіпкерлердің киім үлгісін, әшекей бұйымдармен суреттеймін. И,й әріптерінің жазылуы


2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру


1


 

 


9


Өзім туралы


И,й әріптерінің жазылуы (Жұмбақ өлең ді мәнерлеп    оқы)


2.1.3.1 күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу 2.4.1.1әріптерінің емлесін сақтап жазу


1


 

 


10


Өзім туралы


И,й әріптерінің жазылуы


Кім дейміз?  


2.1.3.1 күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу 2.4.1.1әріптерінің емлесін сақтап жазу


1


 

 


11


Өзім туралы


Я әрпінің жазылуы. Дене мүшелерінің таласы


2.1.1.1 -  тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру


1


 

 


12


Өзім туралы


Я әрпінің жазылуы (Әдепті  бала)


2.2.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау 2.4.1.1әріптерінің емлесін сақтап жазу


1


 

 


13


Өзім туралы


Я әрпінің жазылуы (Бақтияр неге ұялды?)


2.1.3.1 күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу


1


 

 


14


Өзім туралы


Ю әрпінің жазылуы. Аю мен қасқыр


2.1.3.1 күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу 2.4.1.1әріптерінің емлесін сақтап жазу


1


 

 


15


Өзім туралы


Ю әрпінің жазылуы (Парашют)


2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау 2.4.1.1әріптерінің емлесін сақтап жазу


1


 

 


16


Өзім туралы


Ю әрпінің жазылуы (Миуа)


2.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету және құрастырған сөйлемін толықтыру


1


 

 


17


Өзім туралы


Нәтиже сабақ Мен не үйрендім?БЖБ


2.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру


1


 

 




Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Гүлназ
Гүлназ

👍👍👍 керемеит

Сапаргали
Сапаргали

рақмет сіздерге 

Айнаш
Айнаш

Керемет. Қалай жүктеп аламын

Гость Мадина
Гость Мадина

Кай буйрықпен? 199 буйрықпен жасалған ба?

Гость Dina
Гость Dina

Казак тілі ктп

Гость Зауре
Гость Зауре

Көп рахмет 

Керемет отлично 

Насилина Гульмира
Насилина Гульмира

Керемет. Көп рақмет. Мұғалімге үлкен көмек берілген. 

Гүлсара
Гүлсара

қалай кіреміз

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.