4-сынып «Қазақ тілі» күнтізбелік тақырыптық жоспар
4-сыныпқа «Қазақ тілі» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау
«Қазақ тілі» пәні ҚР БҒМ 2018 жылғы 10 мамырдағы №199 бұйрығымен бекітілген (12-қосымша) «Қазақ тілі» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқытылады. Бастауыш білім беру деңгейінің 4 сыныптарға арналған «Қазақ тілі» оқу пәнінің мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану.
Пәнді оқытудың басты ерекшелігінің бірі – білім алушылардың сауаттылығын арттыру және тілін дамыту мақсатында жазба жұмыстарына басымдық беру
«Қазақ тілі» пәнін оқытуда мынадай педагогикалық тәсілдемелер мен технологияларды қолдануға болады: 73 оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі – әрекеттік тәсілдеме (сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша дамыту); дамыта оқыту технологиясы (білім алушылар оқу әрекетінің жүйесін игереді, өзінің іс-әрекетін жоспарлауды және оны басқаруды үйренеді); зерттеушілік тәсілдеме (білім алушылар «нені білемін?, нені білгім келеді?, нені үйрендім?» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді); саралап оқыту технологиясы (білім алушыларды қабілетіне, мүмкіндігіне, ерекшелігіне қарай оқыту міндетін қою); жүйелі-әрекеттік тәсілдеме (білім алушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіруден, өз оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынудан, оның ережелер жүйесін түсіну мен қабылдаудан, жетілдіруге белсенді қатысудан тұрады).
Тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, орфографиялық құбылыстары мен фактілері өзара байланыста оқытылады және олар білім алушылардың сөйлеу практикасында қолдануға бағытталады.
Қазақ тілі пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) әр бөлімді қайталау мақсатында берілген сағат есебінен өткізу қарастырылады. Бөлім бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыруда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріліп (мысалы, тыңдалым және жазылым; оқылым және жазылым), жазылым дағдысын дамытуға бағытталған жазба жұмысының бір түрін қарастыру ұсынылады.
Сынып |
Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны |
ТЖБ |
|||
4 сынып |
1 тоқсан |
2 тоқсан |
3 тоқсан |
4 тоқсан |
Әр тоқсанда |
2 |
2 |
2 |
2 |
1 |
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 4 сағат, оқу жылына 144 сағатты құрайды.
Реттік № |
Сабақ № |
Ауыспалы тақырып
|
Сабақ тақырыбы
|
Оқыту мақсаттары |
С/с |
Мерзімі |
Түзету лер |
|
||
1 |
1
|
1 – Бөлім «Менің Отаным - Қазақстан» I – тоқсан. |
Тіл және сөйлеу
1-5 жаттығу
4-6 бет
|
4.1.1.1 - тыңдаған материал бойынша негізгі тұсын түртіп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айту
|
1 |
|
|
|
||
2 |
2
|
|
Ауызша және жазбаша
сөйлеу.
6-10 жаттығу
7-8 бет
|
4.1.2.1 - мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма, сызба, кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау және өз ойын дәлелдеу |
1 |
|
|
|
||
3 |
3
|
|
Монолог құрай аламын.
11-12 жаттығу
9-11 бет
|
4.2.4.1 - мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау; 4.1.4.1 - тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып монолог құрау |
1 |
|
|
|||
4 |
4
|
|
Сөйлеу мәдениеті
15-17 жаттығу
11-12 бет
|
4.1.3.1 - сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында сөйлем мәдениетін сақтап, диалогке қатысу |
1 |
|
|
|
||
5 |
5
|
|
Сөйлеу мәдениеті
18-19 жаттығу
13-14 бет
|
4.1.3.1 - сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында сөйлем мәдениетін сақтап, диалогке қатысу |
1 |
|
|
|
||
6 |
6 |
|
Фонетика әлеміне саяхат
25-29 жаттығу
17-19 бет |
4.1.1.1 - тыңдаған материал бойынша негізгі тұсын түртіп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айту |
1 |
|
|
|
||
7 |
7 |
|
Фонетика әлеміне саяхат
30-33 жаттығу
20-21 бет
|
4.3.3.1* - оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып мазмұндама/тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу |
1 |
|
|
|
||
8 |
8 |
|
Буын үндестігі
34-37 жаттығу
22-24 бет
|
4.2.3.1- мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру; 4.1.7.1-сөз ішіндегі және сөз бен сөз арасындағы буын, дыбыс үндестігін сақтап айту |
1 |
|
|
|
||
9 |
9 |
|
Буын үндестігі
38-41 Жаттығу
24-26 бет
|
4.3.5.1 қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздіктер, инфографикалар, энциклопедиялар, ғаламтор) қолдана білу 4.4.1.2 - сөзге қосымшалар жалғауда буын үндестігін ескеріп қолдану |
1 |
|
|
|
||
10 |
10
|
|
Дыбыс үндестігі
42-45 жаттығу
26-29 бет
|
4.1.2.1 - мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма, сызба, кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау және өз ойын дәлелдеу 4.4.1.1 - сөзге қосымшалар жалғауда дыбыс үндестігін ескеріп қолдану |
1 |
|
|
|
||
11 |
11 |
|
Дыбыс үндестігі
46-50 жаттығу
29-30 бет |
4.4.1.3 - айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді анықтап жазу; 4.1.4.1 - тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып монолог құрау |
1 |
|
|
|
||
12 |
12 |
|
Қорытынды бақылау
Мазмұндама
|
4.3.3.1* - оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып мазмұндама/тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу 4.3.5.1 стилистикалық қателерді мұғалімінің көмегімен анықтап түзету, жазба жұмысын пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларға сәйкес өз бетінше редакциялау; |
1 |
|
|
|
Cкaчaть документ