Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ Математика 6-сынып 3-тоқсан «Координаталық жазықтық»

БЖБ Математика 6-сынып 3-тоқсан «Координаталық жазықтық»

19 фев 2024, 15:50
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 6 сынып
439
1

«Координаталық жазықтық»  бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Математика» 6 сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып білім алушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ Математика 6-сынып 3-тоқсан «Координаталық жазықтық»

«Координаталық жазықтық» және «Кеңістіктегі фигуралар»
бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар
жүйесі
Центрлік симметрия. Осьтік симметрия
Фигуралардың кеңістікте орналасуы. Кеңістік фигураларын
кескіндеу, «көрінбейтін» сызықтар. Вектор ұғымы
Оқу мақсаты 6.3.1.6 осьтік немесе центрлік симметриясы болатын
фигуралар туралы түсінігі болуы; симметриялық және
центрлік-симметриялы фигураларды ажырату
6.3.2.3 кесінділердің, сәулелер немесе түзулердің бір-бірімен,
координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің
координаталарын графиктік тәсілмен табу
6.3.2.5 тік бұрышты координаталар жүйесінде координаталар
басы және координаталық осьтерге қатысты симметриялы
нүктелер мен фигураларды салу
Ойлау дағдыларыңың
деңгейі
Қолдану
Жоғарғы деңгей дағдылары
Бағалау критерийі Білім алушы
• Осьтік симметриялы және центрлік симметриялы
фигураларды ажыратады
• Координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің
координаталарын графиктік тәсілмен табады
• Тік бұрышты координаталар жүйесінде
координаталар басы және координаталық осьтерге
қатысты симметриялы фигураларды салады
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
1. Төмендегі шарттарға байланысты мысалдар келтіріңіз. Егер фигуралар:
a) центрлік симметриясы бар, бірақ осьтік симметриясы жоқ;
b) осьтік симметриясы бар, бірақ центрлік симметриясы жоқ;
c) центрлік және осьтік симметриясы бар.
[3]
2. Координаталық жазықтықта ABCD төртбұрыш төбелері сәйкесінше
 (– 2; 2), (5; 3), (5; – 5), (– 1; – 7) нүктелерінде жатыр.
a) ВС қабырғасы абсцисса осімен;
b) АВ қабырғасы ордината осімен;
c) АС кесіндісінің ордината осімен;
қай нүктеде қиылысатынын жазыңыз.
[4]
3. M(–3; –4), N(–2; –5) және Р(–6; –6) нүктелері берілген. МNР үшбұрышын салыңыз.
а) МNР үшбұрышына абсцисса осіне карағанда симметриялы;
b) МNР үшбұрышына ордината осіне карағанда симметриялы;
с) МNР үшбұрышына координаталар басына карағанда симметриялы болатындай
үшбұрыштар салыңыз.



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Айдана Бекежанова
Айдана Бекежанова

Осы группа ұнайды

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.