Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ Жаратылыстану 6-сынып 3-тоқсан «Энергия және қозғалыс» 

БЖБ Жаратылыстану 6-сынып 3-тоқсан «Энергия және қозғалыс» 

19 фев 2024, 15:57
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 6 сынып
346
0

«Энергия және қозғалыс» бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Жаратылыстану» 6-сынып 3тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып Білім алушыларына "Жаратылыстану" пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 6-сыныптың "Жаратылыстану" пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге Білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған Оқу мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта Білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ Жаратылыстану 6-сынып 3-тоқсан «Энергия және қозғалыс» 

«Энергия және қозғалыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 6.5.1.2 Энергияны шығарумен және оның жұтылуымен
байланысты үдерістерді атау және мысалдар келтіру
6.5.1.3 Электр энергиясының бірлігін атау
6.5.1.5 Энергияны алудың баламалы көздерін ұсыну
6.5.2.3 Адам қаңқасының құрылысын сипаттау
6.5.2.6 Атмосфералық қысымды өлшеу және оның мәнін
түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Энергияның жұтылу және түрлену процестерін
анықтайды
• Электр энергиясының өлшем бірлігін түрлендіреді
• Табиғи, жасанды энергия көздерін сипаттайды
• Адам қаңқасының құрылысы мен қызметін
сипаттайды
• Атмосфералық қысымның анықтау тәсілін
сипаттап, мәнін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Энергия көздерін сипаттаңыз. Бірінші баған үлгі үшін толтырылған.
Газ Жел Су Тас көмір
Жер қойнауынан алынады Ия
Жылу энергиясына айналады Ия
Электр энергиясына айналады Жоқ
Жаңартылған энергия көзі бола
алады
Жоқ
2. Бір ай бойы тұтынылған энергия құны 2000 теңгені құрады. Электр энергиясының
тариф бойынша құны 13,06 теңге. Ай бойы тұтынылған энергия мәнін анықтаңыз.
3. Елімізде табиғи пайдалы энергия қоры таусылып келе жатқаны белгілі. Қандай
энергия көздері олардың орынын толықтыра алады?
4. а) Адам қаңқасының тірек-қимыл жүйесінің маңызын сипаттаңыз.
b) Дұрыс жауапқа сәйкес сөздердің астын сызыңыз:
1) Қаңқа ... (сүйектердің, бұлшықеттердің, сіңірлердің) көмегімен қозғалады.
2) Бұлшық еттер жиырылған кезде ... .(ұзарады, қысқарады).
3) Адамның қимыл әрекетін ... (сопақша ми, жұлын, мишық) реттейді.
4) Миды ... (ми сауыты, омыртқа жотасы, кеуде) қорғайды



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.