Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ Қазақстан тарихы 6 сынып 3-тоқсан «Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы»

БЖБ Қазақстан тарихы 6 сынып 3-тоқсан «Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы»

19 фев 2024, 16:08
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 6 сынып
213
0

«Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы» бөлімібойынша жиынтық бағалау

«Қазақстан тарихы» 6-сынып 3-тоқсан

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып білім алушыларына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

БЖБ Қазақстан тарихы 6 сынып 3-тоқсан «Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы»

«Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Қазақ хандығының құрылуы
Оқу мақсаты 6.2.3.4 М.Х.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің
маңыздылығын түсіндіру
6.3.1.10 Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін
анықтау
6.3.1.9 Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
 М.Х.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің
маңыздылығын түсіндіреді
 Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін
анықтайды
 Қазақ хандығының құрылуының маңыздылығын
көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді қолданып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди» еңбегінен үзінді
Бұл уақытта Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы тегінен тараған
сұлтандарға көп зардап шектірді. Жәнібек хан мен Керей хан одан қашып, Моғолстанға
барды. Есен-Бұға хан оларды жылы шыраймен қабылдап, Моғолстанның батыс шебін
құрайтын Шу және Қозыбасы округтерін берді.
Кейбір жошылық сұлтандар Әбілхайыр хан тарапынан төніп келе жатқан қатерді
алдын-ала сезіп, оны болдырмауға тырысты. Сол мақсатпен олар Керей хан, Жәнібек сұлтан
және сол сияқтылар азғантай адамдары мен Әбілхайыр ханнан қашып, Моғолстанға келді.
Сол уақытта Моғолстан хандығын билеу кезегі Есенбұға ханға жеткен еді. Есенбұға
хан оларды қатты құрметтеп, оларға Моғолстанның бір шетін бөліп берді. Олар осы жерден
қауіпсіз жайлы қоныс тапты. Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан (хижра бойынша)
басталады. Аллаға бәрі мәлім.
(М.Х.Дулати. Тарих-и Рашиди. Алматы 2003, 305-306-беттер)




Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.