Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ Қазақ тілі 6-сынып 3-тоқсан «Су – тіршілік көзі»

БЖБ Қазақ тілі 6-сынып 3-тоқсан «Су – тіршілік көзі»

19 фев 2024, 16:18
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 6 сынып
131
0

«Тарихи тұлғалар. Лексика» бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі Т1» 6 сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 6-сынып білім алушыларына «Қазақ тіліі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.


БЖБ Қазақ тілі 6-сынып 3-тоқсан «Су – тіршілік көзі»

Бөлім «Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология», «Спорт. Белгілі
спорт жұлдыздары. Морфология»
Оқу мақсаты 6.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және
нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы
өмірмен байланыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты
сұрақтарға жауап береді
• Ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз.
Сұрақ:
1) Серік Қонақбаевтың Қазақстанның спорт саласын дамытудағы рөлі қандай деп
ойлайсың?
2) Спорт саласында үлкен жетістіктерге жету үшін адамның бойында қандай
қасиеттер болуы керек?
3) Серік Қонақбаевтың спорттағы жолы қалай басталды?
4) Серік Қонақбаев спорт саласындағы қандай атақтардың иегері?
5) Серіктің атын әлемге танытқан қандай жеңіс болды?
6) Серік Қонақбаевтың спорттағы жетісіктері бұл салаға қызығушылық танытатын
жастарға қалай ықпал етеді?
Былғары қолғап шебері
Қонақбаев Серік Керімбекұлы 1959 жылы 25 қазан күні Павлодар қаласында дүниеге
келген. Әкесі Қонақбаев Керімбек техника ғылымының кандидаты. Шешесі Қонақбаева
Балтуған Темірғалиқызы мұғалім болған. Қазақтың атын күллі әлемге танытқан Серік
ағамыз КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері атағын 1981 жылы еншілеген. Былғары
қолғап шеберіміз Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын 1981 жылы аяқтаса,
қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын 1984 жылы бітіріп, маман иесі
болған. 1999 жылы Халықаралық Х.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің
заңгер-құқықтанушы мамандығын бітірген. Серік Қонақбаев бокспен 14 жасынан бастап
айналыса бастады. Спортшының атақтарына келетін болсақ, ол КСРО халықтар
спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері, екі мәрте Еуропа
чемпионы, әлем кубогінің иегері. Дәл сол жылы әлемнiң ең үздiк боксшысы деген атақ
Серiк Қонақбаевқа бұйырған. Әлем кубогінің иегері Мәскеуде өткен ХХІІ Олимпиада
ойындарының күміс иегері (1980), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, КСРО
чемпионы. Мәскеу Олимпиадасынан кейін жастардың боксқа деген қызығушылығы артып,
Серік Қонақбаев оқыған Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтындағы бокспен
айналысатын студенттердің саны 40-тан 600-ге дейін өсті. Бұл қазақ боксының дамуына
үлкен ықпал етті. 1981-1987 жылдары Серік Керімбекұлы бапкерлік жұмыстар атқарып,
коммерциялық «Қазақстан» спорт клубының, ҚР кәсіпқой бокс Федерациясының, ҚР
президенті жанындағы ұлттық спорт қорының президенті болды. Ол қазір қазақ туризм
және спорт академиясының профессоры. Серік Қонақбаевтың есімі қазақ бокс тарихында
алтын әріппен жазылған.



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.