Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » Қазақ тілі 3-сынып 4-тоқсан БЖБ «Су- тіршілік көзі»

Қазақ тілі 3-сынып 4-тоқсан БЖБ «Су- тіршілік көзі»

15 мар 2024, 18:10
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 3 сынып
155
0

«Су- тіршілік көзі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі (Т1)» 3-сынып 

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі»(оқыту қазақ тілінде)пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (2-4-сыныптары) «Қазақ тілі»(оқыту қазақ тілінде)пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақтабілімалушылардыңоқужетістіктерініңмүмкіндеңгейлері(рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген


Қазақ тілі 3-сынып 4-тоқсан БЖБ «Су- тіршілік көзі»

«Су- тіршілік көзі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің 
түрлері
Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты 3.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, 
ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
3.1.3.1 Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық
әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу 
мәдениетін сақтап, диалогке қатысу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтінге қатысты тірек сөздерді анықтайды
• Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді
• Тілдік нормаларды сақтай отырып, ойын жүйелі 
жеткізеді
Ойлау дағдыларының 
деңгейі 
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Тірек сөздерді түртіп ал.
Тірек сөздер: ________________________________________________________
Cұрақтарға жауап бер.
1) Су атмосферада не түрінде кездеседі? 
2) «Судың да сұрауы бар» дегенді қалай түсінесің? 
2-тапсырма
Суды неліктен «тіршілік көзі» деп санайды? Судың тіршілік үшін маңызы туралы 
әңгімеле.
Су - табиғатта ең көп таралған зат. Жер шарының төрттен үш бөлігін су алып 
жатыр. Мұхиттар, өзен, көлдерге қоса жер асты сулары да бар. Су бұлт, тұман, бу, 
жаңбыр түрінде атмосферада да болады. Мұздықтар мен айсбергтер де су болып 
есептеледі. 
 Су барлық тірі ағзаның құрамында бар. Адамның, өсімдіктер мен жануарлар 
денесінің белгілі бір бөлігі судан тұрады. 
 Су – негізгі тіршілік көзі. Сусыз тіршілік жоқ . «Судың да сұрауы бар» дейді дана 
халқымыз. Сондықтан суды үнемдеп жұмсау керек.



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.