Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ География 7-сынып 3-тоқсан «Физикалық география»

БЖБ География 7-сынып 3-тоқсан «Физикалық география»

20 фев 2024, 10:27
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 7 сынып
69
0

«Физикалық география»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«География» 7-сынып 3-тоқсан

 
Әдістемелік ұсыныстар 7-сынып білім алушыларына «География» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін мұғалімге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың  тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген. 

БЖБ География 7-сынып 3-тоқсан «Физикалық география»

Физикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
 Тақырып Топырақ, оның құрамы мен құрылымы
Қазақстанның топырақ түрлері
Оқу мақсаты 7.3.4.2 Топырақ  құрамын, түрлерін анықтап, құрылымын графикалық түрде көрсетеді
7.3.4.3 Қазақстанда топырақ түрлерінің таралуын анықтайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Топырақ құрамын, түрлерін ажыратады 
• Топырақ құрылымын графикалық түрде бейнелейді
• Қазақстанда топырақ түрлерінің таралу себептерін дәлелдейді
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану 
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
 
1. Берілген сұрақтарға жауап  беріңіз,тапсырмаларды орындаңыз.
a. Топырақ дегеніміз __________________________________________________
b. Топырақ түзуші факторларды сызбаға толықтырыңыз.
 
  с. Сипаттама арқылы  топырақтың түрін анықтаңыз  және  механикалық  құрамын толықтырыңыз.
Бұл топырақ орманды-дала және дала  зоналарында  кең таралған. Көп жылдық шөпті өсімдіктердің астында, борпылдақ жыныстарда түзілген және  аса құнарлы топырақ деп саналады.
- Топырақ  түрі ________________________________________________________
- Механикалық құрамы _________________________________________________
 
 d. Құрылымы жоқ топырақтың құнарсыз болу себебін түсіндіріңіз ___________________
_____________________________________________________________________________
 
2.  Берілген суретке қарап,  топырақ  қабаттарын  анықтаңыз және  ерекшелігін жазыңыз.  
 
3. Қазақстанның физикалық картасы берілген.
a. Картада көрсетілген табиғат зонасын  анықтаңыз.
 ________________________________________________________________________
 
 
b. Карта арқылы осы табиғат зонасындағы топырақ   түрін анықтаңыз.
_________________________________________________________________________
c. Осы табиғат зонасында кездесетін  топырақтың құнарлығы жоғары. Себебін түсіндіріңіз.
___________________________________________________________________________
d. Осы табиғат зонасынан солтүстікке қарай топырақ гумусының  жоғары болуы неге байланысты екендігін түсіндіріңіз.
___________________________________________________________________________


Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.