Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ Қазақ тілі 8-сынып 3-тоқсан «Қоршаған орта және энергия ресурстары»

БЖБ Қазақ тілі 8-сынып 3-тоқсан «Қоршаған орта және энергия ресурстары»

20 фев 2024, 14:20
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 8 сынып
244
0

«Қоршаған орта және энергия ресурстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі» 8-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 8-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ Қазақ тілі 8-сынып 3-тоқсан «Қоршаған орта және энергия ресурстары»

Бөлім «Қоршаған орта және энергия ресурстары. Синтаксис», «Жасөспірім және заң. Синтаксис»
Оқу мақсаты 8.2.4.1 тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық
стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу,
сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау
8.3.1.1 тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік
жоспар құру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ғылыми және публицистикалық стильдегі
мәтіндердің типтерін, тақырыбын, құрылымын
салыстырады
• Тақырып бойынша тезистік жоспар құрады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары ойлау дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтіндердің стилін, тақырыбын, құрылымын
салыстырыңыз және қандай сипатта жазылғандығын (әңгімелеу, сипаттау, талқылау)
анықтаңыз.
А мәтіні
Біз қазбалы отындарға тәуелдіміз. Көмір, мұнай және табиғи газ әлемдік энергияның
шамамен 90%-ын құрайды. Ғаламдық қазбалы отынның қолданылуы: көмір – 28%; мұнай
– 40%; табиғи газ – 20%. Олар әртүрлі күйде болғанымен, барлық үш отын түрі тарихи
кезеңге дейінгі өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан тұратын көмірсутектер.
Бүгінде біз қолданатын отындардың көбі алғашқы динозаврларға дейін
миллиондаған жылдар бұрын өмір сүрген тірі организмдерден қалыптасқан. Бірақ бұл
қалдықтар қалайша қуатты энергетикалық ресурстарды түзе алады? Өсімдіктер күн
энергиясын сіңіріп, оны «фотосинтез» деп аталатын биологиялық процесс арқылы
пайдалануға жарамды энергияға айналдырады. Өсімдіктер мен жануарлар өлгеннен кейін,
оларды микроорганизмдер шірітіп, ыдыратады. Осы процесс арқылы ежелгі органикалық
заттар өзіндегі химиялық энергиясымен бірге қабаттар астында көміледі. Уақыт өте қысым
мен жылу материалды қысып, құрамынан су сияқты заттарды шығарып,
концентрацияланған көміртегін қалдырады және бүгінде біз білетін қатты, сұйық немесе
газ түріндегі қазбалы отындарды қалыптастырады.
Ә мәтіні
Энергетикалық ресурстарға барлық механикалық, химиялық және физикалық
энергия көздерін жатқызуға болады.
Жер қойнауындағы отын қоры болып көмір, мұнай, газ және уран рудалары
саналады. Көмірдің дүниежүзілік қоры 9-11 трлн. Тонна (шартты оның түрінде), оның
ішінде 50% (6 трлн.т.) ТМД елдерінің жерінде шоғырланған. Жылына орта есеппен
пайдалануға жерден алынатын мөлшер 4,2млрд. тонна.
Сарқылатын отын энергетикалық ресурстардың зерттеуден өткен дүниежүзілік қоры
төменгі кестеден келтіріген.
Кейбір елдердегі барланған кен орындарындағы көмірдің мөлшері, млрд. тонна:
АҚШ- 430, Германияда-100, Австралияда-50, Англияда-29, Канада-50, ТМД елдері- 290,
оның ішінде Қазақстанда- 51, (40% кокс алатын өте сапалы көмір). Орта есеппен жылына
Қазақстанда 80 млн. Тоннаның үстінде көмір алынады, оның ішінде 40 % ашық әдіспен.
А мәтіні Ә мәтіні
Тақырыбы
Қандай стильде жазылған?



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.