ТЖБ Химия 9-сынып 3-тоқсан
«Химия» 9 сынып 3-тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Химия» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)
ТЖБХимия 9-сынып 3-тоқсан
«Химия» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмаларының үлгісі
1. Галоген атомдарының сыртқы электрондық қабатының конфигурациясын көрсетіңіз.
A. ns2
np1
B. ns2
np3
C. ns2
np4
D. ns2
np5
[1]
2. Аммиак және фосфор қышқылын әрекеттестіріп, аммоний гидрофосфаты тыңайтқышын
алуға болады. Осы реакция үшін химиялық теңдеуді жазыңыз. Осы тыңайтқыштың
құрамындағы өсімдіктерге қажет қоректік элементтерді атаңыз.
Реакция теңдеуі:
______________________________________________________________________________
Қоректік зат(тар):
______________________________________________________________________________
[2]
3. Периодтық кестедегі VІ топ элементтерін халькогендер деп атайды. Осы топ элементтерінің
қосылыстарындағы максималды тотығу дәрежесі нешеге тең?
Жауап: .________________________
Топ бойынша жоғарыдан төмен қарай халькогендердің электрондарды қабылдау қабілеті
қалай өзгереді? Себебін түсіндіріңіз.
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
[3]
4. Галогендерге фтор, хлор, бром және йод жатады. Бөлме температурасында топ бойынша
жоғарыдан төмен қарай олардың агрегаттық күйлері өзгереді. Фтор, хлор – газдар, бром –
сұйық.
Йодтың агрегаттық күйі қандай? _______________________
Тұрмыста кез келген галогеннің қолданылуына мысал келтіріңіз.
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
[2]
5. Күкірт қышқылын химиялық өнеркәсіптің «наны» деп айтады, себебі оның қатысында
көптеген химиялық процестер жүреді. Ол суда жақсы ериді.
(а) Қышқылдың ерітіндідегі рН мәні нешеге тең?
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
[1]
Күкірт қышқылымен жүретін кез келген реакцияға мысал келтіріңіз.
__________________________________________________________________
Cкaчaть документ