Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ 10-сынып Қазақ тілі, 3-тоқсан «Адамзат дамуының жаһандық мәселелері»

БЖБ 10-сынып Қазақ тілі, 3-тоқсан «Адамзат дамуының жаһандық мәселелері»

27 фев 2024, 16:06
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 10 сынып
45
0

«Адамзат дамуының жаһандық мәселелері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі» 10-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 10-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 10-сыныптары«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.


БЖБ 10-сынып Қазақ тілі, 3-тоқсан «Адамзат дамуының жаһандық мәселелері»

«Адамзат дамуының жаһандық мәселелері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.1.5.1 Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында
тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында
сөйлеу әдебін сақтай отырып сөйлейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Ғаламдық мәселелер
XX ғасырдың соңғы он жылы дүние жүзі халықтары алдына көптеген шиеленіскен
және күрделі проблемаларды қойды. Олар ғаламдық проблемалар деген атқа ие болды.
Ғаламдық проблемалар дегеніміз – бүкіл адамзатқа қатысты проблемалар. Олар
дүниежүзілік қоғамдастық елдердің арасындағы қарым қатынастарды, қоғам мен табиғат
арасындағы қатынастарды, ресурстармен қамтамасыз етуді бірлесіп шешу мәселелерін
қамтиды. Ғаламдық сұрақтар мен ғаламдық жауаптардың болуын, оларды шешу үшін кең
көлемді халықаралық ынтымақтастық болуын қамтамасыз етеді. Ғаламдық проблемалар
өзінің бір бірімен әрекеттесуінде өзінше мынандай үшбұрыш құрайды: халықтық әлеуметтік
және экономикалық дамуы, айналадағы ортаға ықпалы.
Ғаламдық проблемалардың түрлері: қарусыздану және жер шарында бейбітшіліктің
сақталуы, экологиялық, демографиялық, энергетика және шикізат, азық- түлік проблемасы,
дүниежүзілік мұхит, ғарышты бейбіт мақсатта игеру проблемасы.
Қарусыздану және жер шарында бейбітшіліктің сақталуы. Соғыс барлық тарихи
дәуірлерде қоғамның дамуына әсерін тигізіп отыр. Бірақ бұрын ешқашан тұтас елдер мен
континеттерді жойып жіберудің нақты мүмкіндігі болған емес. Жанталаса қарулану жыл
сайын адамзаттың 1 доллар қаражатын жұтады. Бұл Жапония сияқты бір елдің ұлттық
кірісімен шамалас. Дүние жүзі мемлекеттерінің әскерінде өндіргіш еңбектен қол үзіп 26 млн
адам сапта жүр. Бұл ГФР секілді елдің экономикалық тұрғыдан белсенді делінетін бүкіл
халқындай. 1988 жылы АҚШ пен КСРО арасында әрекет радиусы орташа және кіші
ракеталарды жою туралы шартқа қол қойылды. 1993 жылы Ресей мен АҚШ стратегиялық
шабуыл қаруларын қысқарту туралы келісімге қол қойылды. Кейбір аймақтық жанжалдар
бітістіріліп, ядросыз аймақтар құру басталды. Шешу жолдары: бейбітшілік саясатын жүргізу,
халықаралық қатынастарды реттеу, қару жараққа түсетін қаржы мөлшерінің төмендеуі тиіс.
Экологиялық проблема. Экологиялық проблема дегеніміз – қоғам мен табиғаттың
қарым қатынасының айналадағы ортаны сақтаудың проблемасы. XX ғасырдың екінші
жартысында айналадағы ортаға түсетін салмақ ерекше күрт өсті. Қоғам мен табиғат
арасындағы қарым қатынаста сапалық өзгеріс байқалады. Бұл халық санағының күрт өсуімен
түсіндіріледі. Планетаның интенсивті түрде индустриялануы мен урбандалуы нәтижесінде
шаруашылық салмақ жер- жердің бәріне экологиялық жүйелердің өздігінен тазару және
қалпына келу қабілетінен асып түсе бастады. Ормандардың құртылуы қатерлі шекке жетті.
Жыл сайын 11 млн тропиктік орман ғайып болды. Шөлге айналу процесі жүріп жатыр.
Соңғы жылдары стратосфераның озон қабатының бұзылу қаупі анықталды. Бұл әсіресе



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.