Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » «Жаһандық құзыреттіліктер» 9-сынып күнтізбелік тақырыптық жоспары

«Жаһандық құзыреттіліктер» 9-сынып күнтізбелік тақырыптық жоспары

14 авг 2023, 14:41
Қазақша / КТЖ / 9 сынып
1 413
2

«Жаһандық құзыреттіліктер» 


КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ


Негізгі  орта білім беру деңгейінің 9-сыныбына арналған

 

Жалпы ережелер


Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).


«Жаһандық құзыреттіліктер» курсы білім алушылардың әлемдегі өз орнын анықтау үшін қажетті құндылық бағдарларын, коммуникативтік дағдыларын, әдеплық нормалары мен мінез-құлық ұстанымдарын қалыптастыруға ықпал етеді.


Курстың мақсаты: жаһандық азаматтық құзыреттерге ие бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.


Курстың міндеттері:


1) білім алушыларды қазіргі заманның жаһандық сын-тегеуріндерімен таныстыру;


2) тұлғаның тұрақты даму мәдениетін қалыптастыру;


3) білім алушыларда жергілікті, өңірлік, ұлттық, жаһандық оқиғалар, олардың себептері мен салдарлары туралы талдамалық бағалау түсінігін дамыту;


4) эмпатия жағдайында басқа адамдардың қажеттіліктері мен құқықтарына тәрбиелеу;


5) мазмұнды және шығармашылық оқыту дағдыларын қалыптастыру.


 «Жаһандық құзыреттіліктер» курсы бойынша оқу жүктемесінің көлемі:


9 - сыныпта-аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағат.


Оқу курсының базалық мазмұны


Курс бағдарламасы білім алушылардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып әзірленген алты бөлімнен тұрады.


«Парасаттылық және әдеп» юниті білім алушылардың бойында әдептілік, тілектестік, адалдық, толеранттылық, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік, ұжымда жұмыс істей білу және мінез-құлық мәдениетінің жоғары стандарттарын білдіретін жеке қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.


«Азаматтылық және патриотизм» юниті қазақстандық қоғамның бірдей кодын және мемлекеттілікті құрметтеуді, азаматтық ұстаным мен жауапкершілікті қалыптастыруды, адамдардың қоғамдағы өзара қарым-қатынасын, отбасындағы өзара көмекті, халықаралық сананы қалыптастыруды насихаттайды.


«Медиа және қаржылық сауаттылық»юнитінде медиакеңістік және қаржылық сауаттылықтың негізгі ұғымдарымен және заңдылықтарымен танысады. Қоғамда белсенді өмір сүріп, әлеуметтену үшін қажетті дағды түрлерін қарастырып, ақпаратты талдау, бағалауды дамытады. Білім алушылар ақпаратпен жұмыс істеуге, материалдарды бағалауға, талдауға,  жалған мәлімет пен насихатты ажырата білуге үйренеді. Қаржылық сауаттылық туралы білімдері кеңейіп, сауаттылық неден басталатыны, еңбегі арқылы жетістікке жеткен адамдар туралы ақпарат жинақтап, отбасылық бюджетті қалай үнемдеуге болатыны туралы өмірмен байланысты білімдерін дамытады. Білім алушылар қаржылық сауаттылықты жеке қаржылық әл-ауқатқа жету құралы ретінде пайдалану арқылы әлемдік экономикалық кеңістікке кірігеді.


«Өмір қауіпсіздігі»юниті адам өмірі мен денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, даралықты, жеке өмірге қол сұқпау және құпиялық құқығын сақтауға, қорқыту мен зорлық-зомбылықтан қорғану, адам өмірін сақтап қалу жолдарымен танысуға бағытталған.


«Экологиялық мәдениет»юнитінде білім алушылар экологияның негізгі заңдылықтарымен танысады. Өз денсаулығына, айналасындағы адамдарға және табиғатқа жағымды көзқараста болып, ұқыппен қарауды үйренеді. Табиғатты пайдаланудың моральдық-құқықтық принциптерін сақтайды. Қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын белсенді жүргізетін, биосферадағы байланыстарды бұзушыларға қарсы, сондай-ақ экологиялық санасы дамыған әлеуметтік-бағдарлы тұлғаны қалыптастырады.


«Зайырлылық және дінтану» юниті (9-сынып) білім алушылардың құқықтық және діни сауаттылығын қалыптастыруға, зайырлылық қағидатын құндылық ретінде түсінуге, діннің қоғам өміріндегі орнын, әлемдік діндердің, жалған діни және деструктивті діни ағымдардың тарихы мен қазіргі жағдайын зерделеуге бағытталған.


Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар


Білім алушыда:


1)       кең ауқымды дағдылар;


2)       әлеуметтік жауапкершілік;


3)       сыни, креативті және шығармашылық ойлау;


4)       өз білімі мен іс-әрекеті үшін жауапкершілік, басқаларға жанашырлық пен құрмет көрсету;


5)       салауатты өмір сүру дағдысы мен айналасындағы адамдардың әл-ауқатына ықпал ету;


6)       өмір бойы білім алу қажеттілігі;


7)       экстремистік, террористік діни топтар мен ағымдардың идеологиялары мен тәжірибесінің ықпалына қарсы иммунитет қалыптасады.


Білім алушы


1)               тәжірибеде алған білімдерін;


2)               өзінің және басқаның жаңа идеяларын;


3)               сыни тұрғыдан бағалауды және ақпаратпен сенімді жұмыс істеуді;


4)               зерттеушілік, жобамен жұмыс жасау және волонтерлік жұмыс дағдыларын;


5)               тұрақты даму мүддесіндегі ашық, мейірімді қоғам құруға бағытталған білім мен дағдыларды қолданады.


Білім алушылар


1)               өзінің оқуын және жеке дамуын қолдау үшін күшті және әлсіз жақтарын;


2)               өзінің және басқалардың жақсы өмір сүруі үшін өмірдің түрлі аспектілерін;


3)               басқалармен ынтымақтастық қарым-қатынасын;


4)               мемлекеттік, саяси және діни бірлестіктер мен мәдениетаралық қатынастардың мәнін талдай алады.


Білім алушылар


·                 өз мінез-құлқы мен мәдениетін, жеке тарихын, сондай-ақ құндылықтар мен әртүрлі көзқарастарды;


·                 әр түрлі жағдайларда жауапты шешімдер қабылдауды сыни бағалайды.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР


Жаһандық құзыреттілік, 9-сынып


 

Барлығы 36 сағ., аптасына 2 сағ.


 

Са-бақ



Тақырыбы


Сағат саны


Өтетін күні


Ескерту


Unit: Парасаттылық және әдеп (6 сағат)


1


Отбасы және неке. Бақыт не әкеледі және бақытқа не кедергі?


1


 

І-тоқсан


2


Корпоративтік жұмыс мәдениеті 


1


 

 

3


«Әділ деп соны айтыңыз, турасын қисық бұрмаса» (Шортанбай Қанайұлы)


1


 

 

4-5


Саяхат әдебі: біз өз еліміздің өкіліміз


2


 

 

6


Қарым-қатынас мәдениеті: гендерлік рөлдер


1


 

 

Unit: Азаматтық және патриотизм (4 сағат)


7


Өзгені өзіңдей сыйла


1


 

 

8


Әлеуметтік рөлдер мен мәртебелер


1


 

 

9


Ертеңгі жастар қандай болмақ?


1


 

ІІ-тоқсан




Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Жанел Тұрсын
Жанел Тұрсын

Керемет 👍 осындай мәліметтер көп болса екен 

Жахандық құзыреттілік курсы бойынша оқулықтар мәліметтер көп болса екен

Гость Болат
Гость Болат

Керемет, осы сайт жақсы

Гость Лаура
Гость Лаура

Өте қажет болған еді. Рахмет

еремет 👍 осындай мәліметтер көп болса екен 

Жахандық құзыреттілік курсы бойынша оқулықтар мәліметтер көп болса екен

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.