БЖБ 10-сынып Құқық негіздері 3-тоқсан ҚГБ «Жеке құқық»
«Жеке құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Құқық негіздері» 10-сынып 3-тоқсан
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Құқық негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Құқық негіздері» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
БЖБ 10-сынып Құқық негіздері 3-тоқсан ҚГБ «Жеке құқық»
«Жеке құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Азаматтық құқықтың принциптері мен субъектілері
Қазақстан Республикасында тұтынушылар құқықтарының
заңды түрде бекітілуі
Оқу мақсаты 10.3.1.2 Азаматтық құқық принцптерін нақты мысалдар
арқылы түсіндіру
10.3.2.2 Заң терминдерін пайдалана отырып,
тұтынушылардың құқықтарын қорғау жолдарын нақты
жағдаяттық мысалдармен (казустармен) түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
Азаматтық құқық қағидаттарын түсініп нақты
мысалдар арқылы анықтайды
Заң терминдерін пайдаланып тұтынушылардың
құқықтарын қорғауына байланысты жағдаяттардың
шешу жолдарын көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Жағдаятпен танысып, азаматтық құқықтың қағидаттарының бұзылған/бұзылмағанын
анықтап, міндеттемелердің орындалу тәсілдерінің барлық тараптарға тиімді жолдарына
талдау жасаңыз.
Б. есімді азамат екінші деңгейлі банктен алған тұтынушылық несиесін уақытылы 2 жыл
бойы төлеп келеді. Алайда жұмыс орнының қысқаруына байланысты ол жұмыстан шығып
қалады. Несие төлеу қабілетінен айырылған азамат Б. оны төлеуден жалтарады. Екінші
деңгейлі банк кепіл ретінде тұрған тұрғын үйін міндеттеме бойынша өтеуді талап етеді. 1 жыл
өткен соң екінші деңгейлі банк қарызды өтеу үшін коллекторлық агенттікке жүгінеді.
Коллекторлық агенттік Б. азаматты тауып, онымен қосымша келісім шарт жасаcып
борышқордың жылжымайтын мүлкін алып қалатынын мәлімдеді. Азамат Б. жылжымайтын
мүлкін беруден бас тартады.
Сұрақ 1. Азамат Б. азаматтық құқық қағидаттарын бұзды ма? Бұзса қандай?
Сұрақ 2. Коллекторлық агенттік азаматтық құқық қағидаттарын бұзды ма? Бұзса қандай?
Жауабыңызды ашып жазыңыз.
________________________________________________________________________________
Сұрақ 3. Міндеттемелерді орындау тәсілдерінің қандай жолы(тәсілі) тараптарға тиімді
болады? Кемінде 3 жолын көрсетіңіз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
2. Жағдаятпен танысып, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жолдарын анықтаңыз.
Азамат Д. электроника техникасын сататын дүкеніне өзінің жеке мақсатына пайдалану
үшін ноутбук сатып алуға барады. Дүкеннің кеңес беруші менеджері (сатушы) оған қазір
жеңілдіктер жүріп жатқандығын және арзандатылған бағамен «А» маркалы ноутбук сатып ала
алтындығын хабарлады. Азамат Д. зауыт кепілдік мерзімін 1 жылға беретінін ал электроника
Cкaчaть документ