Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » Цифрлық сауаттылық 4-сынып 4-тоқсан БЖБ «Электрондық пошта»

Цифрлық сауаттылық 4-сынып 4-тоқсан БЖБ «Электрондық пошта»

18 мар 2024, 20:23
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 4 сынып
19
0

«Электрондық пошта» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Цифрлық сауаттылық 4-сынып

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (3-4-сыныптары) «Ақпараттық коммуникациялық технология «АКТ»» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. 


Цифрлық сауаттылық 4-сынып 4-тоқсан БЖБ «Электрондық пошта»

«Электрондық пошта» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Деректерді Интернетке жіберу
Құпиясөздердің сенімділігі
Болашақтың компьютерлері
Оқу мақсаты 4.3.2.1 Тіркелген файлдары бар хабарламаларды электрондық пошта арқылы 
алу және жіберу
4.3.2.2 Браузерді баптауды қолдану (бетбелгілерді жасау, оқиғалар мен 
жүктеуді қарау).
4.1.3.1 Сенімді құпия сөзді белгілеу
4.3.1.1 Ақпаратты іздеуді жүзеге асыру (компьютердегі файлдар мен қалталар)
4.2.4.2 Презентацияны жасау кезінде фотосуреттерді, дыбыстарды және 
бейнелерді пайдалану
Бағалау 
критерийі
Білім алушы
• Файлдарды электрондық пошта арқылы алады және жібереді.
• Бетбелгілерді жасайды, оқиғалар мен жүктеуді қарайды.
• Сенімді құпия сөз критерийлерін белгілейді.
• Компьютерде ақпаратты табады.
• Презентацияда суреттер мен бейнелерді пайдаланады.
Ойлау 
дағдысының 
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Практикалық жұмыс
1. «Ғарыш» атты папканы құрастырыңыз. [1]
2. «Құпия» сөзге қатысы бар суретті интернетте табыңыз және жүктеңіз. [1]
3. Бетбелгілерге пайдаланылған бетті қосыңыз. [1]
4. Көрілген оқиғалардан барлық жазбаларды өшіріңіз. [1]
5. Электрондық поштаны ашыңыз. Мұғалімнен келген хатқа тіркелген (1 презентация, 1 сурет, 1 
видео) барлық файлдарды жүктеп алыңыз [1]
6. Бұл файлдар мен жүктелген суретті «Ғарыш» папкасына жылжытыңыз. [1]
7. Жүктелген презентацияны ашыңыз. Оған өз атыңызды жазыңыз. Оған барлық суреттер мен 
видеоларды салыңыз. [1]
8. Белгіленген 4 слайдқа сенімді құпия сөзді жазыңыз. Мысал келтіріңіз. [3]
9. Презентацияны сақтаңыз. Презентацияны тіркеп, мұғалімнің электронды поштасына хат 
жіберіңіз. [2]



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.