Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ Математика, 5 сынып 4-тоқсан «Бұрыштар. Көпбұрыштар»

БЖБ Математика, 5 сынып 4-тоқсан «Бұрыштар. Көпбұрыштар»

19 мар 2024, 20:20
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 5 сынып
65
0

«Бұрыштар. Көпбұрыштар» бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Математика» 5 сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 5-сынып оқушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардыңң оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген

БЖБ Математика, 5 сынып 4-тоқсан «Бұрыштар. Көпбұрыштар»

«Бұрыштар. Көпбұрыштар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Бұрыш
Көпбұрыш
Оқу мақсаты 5.3.1.5 бұрыштардың түрлерін ажырату (сүйір, тік, доғал, 
жазыңқы, толық )
5.3.3.2 градустық өлшемі берілген бұрышты транспортир 
көмегімен салу
5.3.3.3 бұрыштың градустық өлшемін табуға, 
бұрыштарды салыстыруға берілген есептерді шығару
Бағалау критерийі Білім алушы
 Сүрет бойынша бұрыштардың түрлерін
анықтайды
 Градустық шамасы берілген бұрышты
транспортир көмегімен салады
 Белгісіз бұрыштың градустық өлшемін табуға
берілген есептер шығарады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары 
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Сызбаны қолданып, әр бұрыштың түріне бір мысал келтіріңіз.
Бұрыштың түрі Бұрыш
Сүйір бұрыш ___________________
Доғал бұрыш ___________________
Тік бұрыш ___________________
Жазыңқы бұрыш ___________________
Толық бұрыш __________________



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.