Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ Информатика 5-сынып 4-тоқсан «Жобаны құру және таныстыру»

БЖБ Информатика 5-сынып 4-тоқсан «Жобаны құру және таныстыру»

19 мар 2024, 20:25
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 5 сынып
122
0

«Жобаны құру және таныстыру» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Информатика» 5-сынып  4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына «Информатика» пәнібойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде
 құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (орыс тілінде білім беретін) негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 5-сыныпта жиынтық бағалау барлық тоқсанда өткізіледі. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған.


БЖБ Информатика 5-сынып 4-тоқсан «Жобаны құру және таныстыру»

«Жобаны құру және таныстыру» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқыту мақсаты5.2.2.1 құжатты баспаға дайындау (парақ өлшемдерін өзгерту, бет өлшемдерін қою, алдын ала көру)
5.3.1.1 Ойын ортасындағы программалау кезеңінде (Лого, Scratch) нысандар мен оқиғалардың анимациясын құру
Бағалау  критерийі
Білім алушы
Құжатты баспаға дайындау параметрлерін   орнатады 
Анимация мен оқиғаларды қолданып скрипт құрады
Ойлау дағдыларының деңгейіЖоғары деңгей дағдылары 
Орындау уақыты20 минут
Тапсырмалар 
 1. Алтынай өз жобасын принтерде баспаға шығармақшы болды, бірақ хабарлама пайда болды. 
1.1 Құжатты баспаға жібергенде бұл хабарламаның пайда болуының бір себебін түсіндіріңіз. 
1.2 Құжатты баспаға жіберу үшін қандай әрекеттер орындау керек?
2. Киімдер мен сахнаны қолданып, анимация және оқиғадан тұратын скрипт құрыңыз.


Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.