БЖБ Физика 7-сынып 4-тоқсан «Энергия»
«Энергия» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Физика» 7-сынып 4-тоқсан
Әдістемелікұсыныстармұғалімге7-сыныпбілімалушының«Физика»пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 7-сынып «Физика» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
БЖБ Физика 7-сынып 4-тоқсан «Энергия»
«Энергия» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары7.2.3.2 - механикалық энергияның екі түрін ажырату
7.2.3.3 - кинетикалық энергия формуласын есептер шығаруда қолдану
7.2.3.4 - жоғары көтерілген дене үшін потенциалдық энергиясының және серпімді дененің формуласын қолдану
7.2.3.6 - механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану
Бағалау критерийіБілім алушы
Кинетикалық және потенциалдық энергиялардың мысалдарын анықтайды
Кинетикалық энергия формуласын қолданады
Потенциалдық энергия формуласын қолданады
Энергияның бір түрден екінші түрге өтуін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлеріБілу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты15 минут
Тапсырма
Кестеде мысалға келтірілген дене қандай энергияға ие болатынын анықтаңыз және сәйкес бағанға «» белгісін қойыңыз.
ДенеЖер бетімен салыстырғанда дененің потенциалдық энергиясыСерпімді деформацияланған дененің потенциалдық энергиясыДененің кинетикалық энергиясы
Сығылған серіппе
Жерде домалап бара жатқан доп
Ауада ұшып жүрген диск
Жел әсерінен иіліп тұрған ағаш бұтағы
Гүлге қонып тұрған көбелек
Аспанда ұшып жүрген тырна
[6]
Массасы 50 г тас жер бетінен 7 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылды. Тастың қозғалыс траекториясы суреттегідей, максимал көтерілу биіктігі 2,5 м-ге тең. Ауа кедергісі ескерілмейді және g = 9,8 Н/кг.
А) А, В нүктелеріндегі тастың энергиясын анықтап, кестені толтырыңыз.
Траектория нүктесіАВ
Биіктік h, м02,5
[6]
b) Кестедегі мәліметтерді пайдаланып энергияның бір түрден екінші түрге өтуін сипаттаңыз.
[3]
Жалпы: [15]
Cкaчaть документ
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя