Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » «Дене шынықтыру» 1-сынып күнтізбелік тақырыптық жоспар

«Дене шынықтыру» 1-сынып күнтізбелік тақырыптық жоспар

08 авг 2023, 09:51
Қазақша / КТЖ / 1 сынып
438
1

«Дене шынықтыру» 1-сынып пәнінен күнтізбелік – тақырыптық жоспар


Бастауыш сынып  оқушыларының қатарына  I-IV сыныпта оқитын 7-11 жастағы оқушылар жатады.


            Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:


            - денсаулықты нығайту, шынықтыру, жан-жақты дене дамуына көмектесу, жалпақ табандылықтың алдын алу, бала ағзасының жағымсыз сыртқы орта әсеріне қарсылық күшін қалыптастыру;


            Таза ауада дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу, ойнау, секіру, лақтыру, шаңғы тебу, жүгіру баланың бұлшық еттерін дамытады, жүрек-қан тамыры жүйесін, тыныс алу жүйесін, сүйек-тірек аппаратын т.б. ағза жүйелерін нығайтады, шынықтырады. Баланың мүсін, тұлға түзулігі қалыптасады. Сондықтан мектептің  міндеті – балаларды дене тәрбиесімен жүйелі, белсенді шұғылдандыру;


            - дене тәрбиесі жаттығулары, гигиеналық дағдылар, күн тәртібі туралы арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға пайдалы әсері, гигиеналық ережелер. Тамақтану, демалу, жұмыс тәртіптері;


            - оқушылардың өмірге керек қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды жаңа қозғалыстарға, қимыл-әрекеттерге  үйрету. Бағдарламада берілген барлық негізгі спорт түрлерінің жаттығуларын дұрыс орындай білу;


            - дене қаситтерін дамыту. Гигиеналық дағдылар,  күн тәртібі туралы арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға пайдалы әсері, гигиеналық ережелер. Тамақтану, демалу, жұмыс тәртіптері;


- бастауыш сыныптарда қимыл үйлесімділігі, ептілік, икемділік қасиеттерін дамыту;


            - жігерлікке, батылдыққа, қажырлылыққа, тәртіптілікке, еңбек  сүйгіштікке, көпшілдікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Дене тәрбиесі жаттығулары, әр түрлі  қозғалмалы ойындар осы қасиеттерді дамытады;


 - қозғалыс кездерінде және қозғалмайтын статикалық жаттығулар кезінде мүсін түзулігін, тұлғаны қалыптастыру. Ол үшін отырғанда,  тұрғанда, жүргенде, жаттығулар жасағанда  тұлғаны түзететін арнайы жаттығулар беріп отыруымыз керек;


          - оқушыларды бастауыш сыныптардан бастап Президенттік сынама сынақтары жаттығуларын меңгеруге, орындауға дайындай бастағанымыз жөн;


          - оқушылардың дене тәрбиесі мен спортқа деген ынтасын, қызығушылығын оятып, оларды спортпен тұрақты, жүйелі шұғылдануға дағдыландыру керек.


      Мектептің міндеті – оқушыларды дене тәрбиесі жаттығуларымен мектепте ғана емес, үйде де тұрақты айналысуға әдеттендіру. Ол әдет оқушылардың күн тәртібінде әбден қалыптасуы қажет. Осы кезден бастап дене тәрбиесі жаттығуларын орындау олардын өмір бойғы әдеттеріне айналуы керек. Ол үшін дене тәрбиесі сабақтары қызықты, әсерлі көңілді өтуі тиіс;


- оқушыларды ұйымдастыру, басқара білу дағдыларына дағдыландыру. Оқушылардың ішінен дене тәрбиесі белсенділерін дайындау.


            Балалардың зат алмасу үрдісі үлкендерге қарағанда тез жүреді. Балалардың кеуде клеткалары домалақ түрде, қабырғалары аз иілетіндіктен терең дем алуға кері әсер етеді. Дем  алу жиілігі тез, терең емес, минутына 22 рет дем алу жиілігі төңірегінде. Дем алу жолдары үлкендерге қарағанда қысқа. Тыныс алудың минуттық көлемі 7 жастағы балаларда 3500 мл/минут болады, ол 11 жасқа келгенде көбейіп 4400 мл/минутқа дейін жетеді. Өкпенің  ауа сыймдылығы көлемі 7 жаста 1200 мл-ден 10 жаста 2000 мл-ге дейін көтеріледі. Бастауыш сынып оқушыларын терең, бірқалыпты  мұрынмен дем алуға үйретуіміз қажет. Жаттығуларды  орындау тыныс алумен бірдей орындалуы тиіс. 


 

 

 

Ауыспалы тақырыптар

Сабақтардың  тақырыбы

Оқыту мақсаттары

Сағат саны

Мерзімі

ескерту

І тоқсан 1 - Бөлім: «Өзім туралы»

1


1-бөлім – Денсаулықты білу  және

түсіну

Қауіпсіздік ережесі.


Дене тәрбиесі дегеніміз не?


1.3.4.4.   Бірқатар дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді анықтау


1.3.2.2  Жаттығуларды орындау кезінде денені ширатып   шынықтырудың маңызын сипаттау.


1


 

 

2


Қауіпсіздік ережесі.


Дене тәрбиесі дегеніміз не?


1.3.4.4.   Бірқатар дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді анықтау


1.3.2.2  Жаттығуларды орындау кезінде денені ширатып   шынықтырудың маңызын сипаттау.


1


 

 

3


Қауіпсіздік ережесі.


Дене тәрбиесі дегеніміз не?


1.3.1.1 Денсаулық туралы жалпы түсінік алу, дене белседілігін ұғыну.


1.3.2.2  Жаттығуларды орындау кезінде денені ширатып   шынықтырудың маңызын сипаттау.


1


 

 

4


Күн тәртібі, таңғы жаттығу және серігу


1.3.2.2  Жаттығуларды орындау кезінде денені ширатып   шынықтырудың маңызын сипаттау.


1.3.1.1 Денсаулық туралы жалпы түсінік алу, дене белседілігін ұғыну.


1


 

 

5


Күн тәртібі, таңғы жаттығу және серігу


1.3.2.2  Жаттығуларды орындау кезінде денені ширатып   шынықтырудың маңызын сипаттау.


1.3.1.1 Денсаулық туралы жалпы түсінік алу, дене белседілігін ұғыну.


1


 

 

6


Күн тәртібі, таңғы жаттығу және серігу


1.3.3.3  Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы физикалық өзгерістерді анықтау


1.3.1.1 Денсаулық туралы жалпы түсінік алу, дене белседілігін ұғыну.


1


 

 

7


Жүгіру және жүру


1.1.2.2 Негізгі дене қозғалыстарын және олардың қарапайым дене жаттығуларымен қалай байланысты болатынын білу


1.3.1.1 Денсаулық туралы жалпы түсінік алу, дене белседілігін ұғыну.


1


 

 

8


Жүгіру және жүру


1.1.2.2 Негізгі дене қозғалыстарын және олардың қарапайым дене жаттығуларымен қалай байланысты болатынын білу


1.3.1.1 Денсаулық туралы жалпы түсінік алу, дене белседілігін ұғыну.


1


 

 



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Гость Галия
Гость Галия

Рахмет жас мамандар үшін үлкен көмек

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.