Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ География 7-сынып 4-тоқсан «Экономикалық география»

БЖБ География 7-сынып 4-тоқсан «Экономикалық география»

21 мар 2024, 19:19
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 7 сынып
113
0

«Экономикалық география»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«География» 7-сынып 4-тоқсан

 
Әдістемелік ұсыныстар 7-сынып білім алушыларына «География» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін мұғалімге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың  тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген. 

БЖБ География 7-сынып 4-тоқсан «Экономикалық география»

«Экономикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
 ТақырыпКөлік инфрақұрылымы
Әлеуметтік инфрақұрылым
Дүниежүзілік шаруашылықтың салалары: ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі    
7.5.2.1 Қазақстандық компонентті қосымша қамти отырып көлік инфрақұрылымының элементтерін сипаттау негізінде оның маңыздылығына баға береді 
7.5.2.2 Қазақстандық компонентті қосымша қамти отырып әлеуметтік инфрақұрылым элементтерін сипаттап, маңыздылығына баға береді 
7.5.3.1 Шаруашылық салаларын жіктейді және маңыздылығын түсіндіреді: ауыл шаруашылық, өнеркәсіп
Білім алушы
•Көлік инфрақұрылымының элементтерін сипаттайды,маңыздылығына қорытынды жасайды
•Әлеуметтік инфрақұрылым элементтерін сипаттайды,маңыздылығына қорытынды  жасайды
•Шаруашылық салаларын ажыратады, маңыздылығын дәлелдейді
Ойлау дағдыларының деңгейіҚолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындалу уақыты                       20 минут
Тапсырма
1.  Көлік кешені – елдің   экономикалық өрлеуінің негізгі факторы, сондықтан инфрақұрылымның дамуы өте маңызды.
a.Көлік кешені дегеніміз …
b.Берілген сызбаны толтырыңыз.
 
c.Суретте көлік инфракұрылымының қандай түрі бейнелеген?
 
d.Көлік инфракұрылымының  осы түрі  Қазақстанның қай бөлігінде? 
________________________________________________________________________
e.Осы көлік инфракұрылымының  түрі  Қазақстан экономикасының дамуында  қандай маңызды рөл атқарады? 
______________________________________________________________________
 2. Қазіргі заман жағдайында әлеуметтік инфрақұрылым қоғамның экономикалық және әлеуметтік тиімділігінің маңызды факторы.
а. Әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі мақсатын атаңыз.
     _______________________________________________________________________
b.  Берілген сызбаны толтырыңыз.
 
с. Өзіңіз тұратын жерде әлеуметтік инфрақұрылымның қай элементтері жақсы дамыған?  Себебін түсіндіріңіз.
3. Төмендегі сұрақтарға жауап  беріңіз.
  а.  Дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз ...........
b. Берілген  шаруашылық  салаларын   жіктеңіз және географиялық таралу аймақтарын анықтаңыз. Кестені толтырыңыз.
№Шаруашылық салалары Сектор Еңбек саласы Географиялық таралуы 
1Машина жасау
2Ірі қара мал
4. Мұнай өнеркәсібі – дүниежүзілік шаруашылылықта   жетекші рөл  атқарады. Сонымен бірге негізгі стратегиялық шикізат көзі болып есептелінеді.
a.Кескін картаға мұнай өнеркәсібінің екі  негізгі аймағын белгілеңіз (кескін карта толтыру ережелерін сақтаңыз).
   
Шартты белгілер 
b.Ел экономикасындағы мұнай өнеркәсібінің маңыздылығына екі дәлел келтіріңіз.  
1-дәлел   ___________________________________________________________
2-дәлел   ___________________________________________________________
c.Экономикада мұнай өнеркәсібінің рөлі болашақта қалай өзгереді? Сіздің пікіріңіз.
_____________________________________________________________________
   ______________________________________________________________________
  ______________________________________________________________________




Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.