Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ Қазақ тілі 8-сынып 4-тоқсан «Қазақстандағы туризм және экотуризм. Пунктуация»

БЖБ Қазақ тілі 8-сынып 4-тоқсан «Қазақстандағы туризм және экотуризм. Пунктуация»

25 мар 2024, 21:01
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 8 сынып
210
0

«Қазақстандағы туризм және экотуризм. Пунктуация» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі» 8-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 8-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ Қазақ тілі 8-сынып 4-тоқсан «Қазақстандағы туризм және экотуризм. Пунктуация»

Бөлім «Қазақстандағы туризм және экотуризм. Пунктуация»
Оқу мақсаты    8.2.5.1 перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру;
8.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)
Бағалау критерийі    Білім алушы
•    Перифраз тәсілдерімен мәтін бойынша сұрақтар құрастырады
•    Құрылымы мен даму желісін сақтап, аргументативті эссе жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі    Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты    15-20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді оқып, оның мазмұны бойынша төрт сұрақ құрастырыңыз.

Қазақстандағы туризм жаңа бағытқа бет бұрды
2015 жылы елімізге келетін шетелдік туристер ағыны 3%-ға қысқарғанымен, 2016 жылы шетелдік қонақтар саны 4%-ға артқан. Бұл туралы Ranking.kz сараптамалық порталы жазады.
2016 жылдың 6 айында Қазақстанға туристік және іскерлік мақсатта 323 мың адам келген. Бұған әлемдік туризмдегі тенденциялардың өзгеруі себеп. Негізгі өсім драйвері – Азия-Тынық мұхит аймағы, бір жыл ішінде бұл жердегі халықаралық туристер саны 9%-ға артқан.
                       
Қазақстанда қызмет көрсетілген шетелдік туристер көлемі

Туристер ағынының көбеюі қазақстандық туристік нарықтағы табыстың ұлғаюына да себеп болды. ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша, жылдық өсім 50%-ды құрады. 2016 жылдың қаңтар-маусым аралығында туристік нарықтағы кәсіпорындары 15,4 млрд теңге табыс тапты.
                            
Қазақстандағы туристік фирмалар табысы
Әсіресе, қытайлық туристер арасында белсенділік байқалып отыр. Олар 2016 жылы шетелдік туризмдегі шығындарын 20%-ға арттырған. Сондай-ақ, көрші Ресейден, Түркия және басқа елдерден үлкен туристер ағыны келеді деп болжануда.

Сұрақтар:
1)    ____________________________________________________________________?
2)    ____________________________________________________________________?
3)    ____________________________________________________________________?
4)    ____________________________________________________________________?

2. Мәтін ақпаратын негізге ала отырып, «Қазақстанда туризм дамып келеді» тақырыбында өз ойыңызды дәлелдей отырып, аргументативті эссе жазыңыз..




Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.