Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » ТЖБ 10-сынып Қазақ тілі 4-тоқсан ЖМБ

ТЖБ 10-сынып Қазақ тілі 4-тоқсан ЖМБ

27 мар 2024, 18:40
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 10 сынып
50
0

Қазақ тілі 10 сынып 4-тоқсандық жиынтық бағалау


Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Қазақ тілі» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы 10-11 сыныптар

Тапсырма түрлері:
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады:
біріншісі -тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын,
екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын,
үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

ТЖБ 10-сынып Қазақ тілі 4-тоқсан ЖМБ

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі
Тыңдалым және айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіндегі ақпараттарға мұқият мән беру арқылы түртіп алып,
мазмұндауда қолданыңыз, коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу 
әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеңіз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, 
мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 
2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді 
білдіріңіз.
[10]
1-мәтін
Тамыры тереңде жатқан сәулет өнерінің орта ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан 
жерінде де пайда болуы мәдениетіміздің озық үлгісі болып танылды. Орта ғасырда сәулет 
өнері дамыды. Төрт қабырғалы, өзіне тән ою-өрнектерімен безендірілді. Мысалы, Бабаджа 
хатун кесенесі («Айша Бибі» кесенесі Тараз қаласы маңында). Көшпенді халық өзіндік 
сәулет ағымын өмірге әкелген. ІХ–XІV ғ. ғажайып қала құрылысын жаппай өркендетті. 
Кезінде шартарапқа әйгілі болған Сауран, Отырар, Тараз, Баласағұн қалалары Жібек 
жолының бойында бой көтеріп, талай ел саяхатшыларының таңдайын қақтырған. Ірі мәдени 
орталықтары болған қазақ жері сәулет өнерімен де әлемге белгілі болып отыр. 1994 жылы 6 
шілдеде астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруге шешім қабылданды. 1997 жылдың 10 
желтоқсанынан Ақмола Қазақстанның астанасы. 1998 жылы 6 мамырда Елбасы 
Н.Ә.Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылдың 10 
маусымында ресми түрде жаңа астананың тұсаукесер тойы өтті. 
2002 жылы Еуразияның кіндігі - Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 
идеясымен Елорданың символына айналған “Астана-Бәйтерек” монументі салынды. Бұл 
монумент қазақ елі тамырын мәуелі бәйтеректей тереңге жіберген ел екенінің дәлелі 
іспеттес. Монументтің биіктігі – 105 метр. Мұнда көркем галерея, үлкен аквариум, 
мейрамхана және 97 метр биіктікте қаланы жоғарыдан тамашалауға болатын обсерватория 
алаңы бар.
“Хан Шатыры” сауда ойын-сауық орталығы 2010 жылы шілденің 5-жұлдызында 
ашылды. Президент сарайынан бастау алған Бас қаланың ғажайып ғимараты Астана 
қаласының жаңа орталығының кіндігінде орналасқан. “Хан Шатыры” бірегей кешені 
жобасының авторы - танымал, ағылшын сәулетшісі Норман Фостер. Жобаның ерекшелігі 
оның ішкі климаты ғимараттағы қазіргі заманғы автоматикалық құралдар арқылы 
қадағаланатынында болып отыр.
2-мәтін
Сәулет өнерінің дамуына зор үлес қосқан, елдің бірі – Грекия. Көне грек 
архитектурасының ең күшті дамыған кезі – біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырдағы 
Периклдың билік құрған тұсы. Алдымен Афина қаласының ең биік жеріндегі жартасқа 
Акрополь салынды. Римнің таңқаларлық құрылыстарының бірі – 80 мың адам сиятын 
Колизей амфитеатры, онда ордерлер жүйесі қолданылды. Еуропа елдерінде бес түрлі 
архитектуралық стиль бірінен соң бірі орын алмастырды. Олар: роман стилі, готика, 
ренессанс, барокко, классицизм. Роман стилінің дамуына Франция көп ықпал етті. Мұның 
басты ерекшелігі – қабырғалары сом соғылған бітеу, салмақты болып келеді. Терезелері 
енсіз, тар, бекініске ұқсайды. Готика стилінің ерекшелігі – құрылыс композициясы жоғары 
созылып, салмақ көтеретін құрылыс қаңқасы күрделі болып келеді, терезелері сүйір етіп 
ойылады, күмбезі қиық болып келеді де қырлары бүріледі. Қиық күмбездің арқасында



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.