Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ 11-сынып География, 4-тоқсан (ЖМБ) «Елтану»

БЖБ 11-сынып География, 4-тоқсан (ЖМБ) «Елтану»

29 мар 2024, 17:18
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 11 сынып
35
0

«Елтану»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«География» 11-сынып 4-тоқсан 

Әдістемелік ұсыныстар 11-сынып білім алушыларына «География» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін мұғалімге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 11-сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың  тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген. 

БЖБ 11-сынып География, 4-тоқсан (ЖМБ) «Елтану»

«Елтану» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше Дүниежүзі аймақтары
Оқу мақсаты 11.6.1.1
11.6.1.3
11.6.1.4
Дүниежүзін аймақтарға аудандастыру қажеттілігін
аргументтер келтіріп түсіндіру
Қазақстан Республикасының физикалықгеографиялық, тарихи-географиялық, саясигеографиялық және геосаяси аймақтарында
орналасуын анықтау
Ғаламдану жағдайында Қазақстанның географиялық
аймақтар картасындағы орнының өзгеруін зерттеу
арқылы болжау
Бағалау критерийі Білім алушы
Дүниежүзін аймақтарға аудандастыру қажеттілігін
аргументтер келтіріп түсіндіреді
Қазақстан Республикасының физикалық-географиялық,
тарихи-географиялық, саяси-географиялық және геосаяси
аймақтарында орналасуын анықтайды
Ғаламдану жағдайында Қазақстанның географиялық
аймақтар картасындағы орнының өзгеруін зерттеу арқылы
болжайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Аудандастыру-бұл ең алдымен бөлінген учаскелер тарихи даму ортақтығынан,
географиялық орналасудан, географиялық процестердің бірлігінен және жекелеген құрамдас
бөліктердің кеңістіктік ұштасуынан туындайтын аумақтық тұтастықты және ішкі бірлікті
сақтайтын жер бетін бөлу.
(a)әлемдегі ең ірі ауданды атаңыз
(b)әлемдегі үлкен тарихи-географиялық аймақтар қандай белгілермен ерекшеленеді?
(c)дүниежүзін аудандастырудың қажеттілігі неде? 2 аргумент келтіріңіз
(d)Кескін картаға Азияның 1 тарихи-географиялық аймағын түсіріңіз




Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.