Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ «География» 7-сынып «Географияны зерттеу тәсілдері»

БЖБ «География» 7-сынып «Географияны зерттеу тәсілдері»

21 окт 2023, 17:19
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 7 сынып
83
0

«Географияны зерттеу тәсілдері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«География» 7-сынып

 
Әдістемелік ұсыныстар 7-сынып білім алушыларына «География» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін мұғалімге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың  тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген. 

БЖБ «География» 7-сынып «Географияны зерттеу тәсілдері»

Тақырып География ғылымының дамуы
Географиялық дереккөздері
Оқу мақсаты 7.1.1.2 Саяхатшылар мен зерттеушілердің география ғылымының дамуына қосқан үлесін сипаттап, баға береді
7.1.1.6 Географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің ерекшеліктерін графикалық түрде көрсете алады:диаграмма, профиль, график
Бағалау критерийі Білім алушы
• Саяхатшылар мен зерттеушілердің  география ғылымының  дамуына қосқан үлесін анықтайды
• Олардың география ғылымына қосқан үлесіне баға береді
• Нысандар, құбылыстар  және үдерістердің ерекшеліктерін графикалық әдіс арқылы көрсетеді
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану  
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
 
1. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз, тапсырмаларды орындаңыз.
a. Ежелгі дүниедегі  Жер туралы деректердің жинақталу себебін атаңыз. 
b. Берілген кестені толықтырыңыз.
c.
№ Саяхатшылар мен зерттеушілердің география ғылымына қосқан  үлесі Саяхатшылар мен зерттеушілердің есімдері Үлесіне баға беріңіз
1 Жер - шар тәрізді   деген  түсінікті  дәлелдеген
2 Ендікті  және  бойлықты анықтаған ежелгі грек ғалымы
3 Картаға Африканың батыс және шығыс жағалауларын және Мадагаскар аралының  бейнелерін  түсірген зерттеуші
4 Америго Веспуччи
5 Мартин Бехайм
 
2. Ұлы географиялық  ашылулардың басты себебі неде? Сұрақтарға жауап беріңіз.      
a. Кескін картаға Фернан Магелланның саяхат жолындағы  4 маңызды географиялық нысандарын белгілеңіз. 
 
b. Фернан Магелланның саяхаты нені дәлелдеді? 
c. Фернан Магелланның саяхатына  экономикалық тұрғыдан  баға беріңіз.
 
3. География ғылымында нысандарды, құбылыстарды және үдерістердің ерекшеліктерін графикалық түрде көрсету  өте маңызды болып саналады.  
Берілген суретпен  жұмыс  жасаңыз.  
a. Суретте қандай географиялық нысан көрсетілген? _____________________________
 
 
b. Қандай табиғи құбылыс көрсетілген?___________________________________
с. Осы географиялық нысанның биіктігін сызба  түрінде  көрсетіңіз (физикалық картаны қолданыңыз  және сызба салу ережелерін сақтаңыз).
 
 
  




Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.