БЖБ 11-сынып Физика, 4-тоқсан ЖМБ «Физикалық практикум»

«Физикалық практикум» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Физика» 11-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушыларына «Физика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған

БЖБ 11-сынып Физика, 4-тоқсан ЖМБ «Физикалық практикум»

«Физикалық практикум» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 11.4.3.13-трансформатор орамындағы орам саны 
эксперимент арқылы анықтау;
Бағалау критерийі Білім алушы
 Зертханалық эксперименттің әдістемесін құрады;
 Эксперименттегі шамаларды анықтайды;
 Алынған мәліметтерді талдайды;
Ойлау дағдыларының 
деңгейлері
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғарғы деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма 1
Бұл жұмыста сіздер трансформатордың орам санын эксперимент жүзінде анықтайсыз. 
1) эксперименті орындауға қажетті құрал-жабдықтарды жазыңыз.
.............................................................................................................................................................
........................................................................................................................................................[2]
2) Жұмысты орындау жоспарын құрыңыз.
.............................................................................................................................................................
.............................................................................................................................................................
.............................................................................................................................................................
.............................................................................................................................................................
.............................................................................................................................................................
........................................................................................................................................................[3]
3) эксперимент жасау барысында қолданылатын формуланы жазыңыз.
[1]
4) алынған мәліметтерді енгізу үшін кесте сызыңыз. Кестеде алынатын шаманың белгіленуі 
мен қатар өлшем бірлігін де көрсетіңіз.
[3]
5) экспериментте кернеудің мәнін анықтау барысында (80.00±0.02) шамасы алынды. Осы 
алынған мәндерді пайдалана отырып, абсолюттік және салыстырмалы қателіктерді 
анықтаңыз.
[2]
Жалпы балл: 11