Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Русский раздел » БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 10 сынып  «Ұлттық экологиялық мәдениет»

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 10 сынып  «Ұлттық экологиялық мәдениет»

20 ноя 2023, 12:15
Русский раздел / СОР СОЧ / 10 класс
618
2

Жиынтық бағалау «Ұлттық экологиялық мәдениет»

Қазақ тілі мен әдебиеті 10 сынып 

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 10 сынып  «Ұлттық экологиялық мәдениет»

«Ұлттық экологиялық мәдениет», «Мұхит – тіршілік мекені» бөлімдері бойынша
жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.1.2.1 мәтінді тыңдай отырып, негізгі идеяларды
(ақпараттарды) қысқаша түртіп жазу (конспектілеу), жазбаға
сүйеніп мәтін мазмұнын түсіндіру
10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге
сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі мен сөйлеу
этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер
ету
Бағалау критерийі Білім алушы
 Тыңдалған мәтіндегі негізгі ақпараттарды түртіп
жазып, мәтін мазмұнын түсіндіреді
 Сөз әдебі мен сөйлеу этикетін орынды қолданып,
ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндер
негізінде монолог құрады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
1. Мәтінді тыңдап, негізгі ақпараттарды қысқаша жазып алыңыз. Жазғаныңызға сүйеніп
мазмұнын түсіндіріңіз.
Арал теңізі – кезінде құрлықтың ішінде орналасқан бүкіл дүниежүзіндегі төртінші ең
ірі су қоймасы болатын. 1960 жылдары Кеңес Одағының орталық басшылығы мақта
егістіктерін суару үшін Аралға құятын ең басты 2 өзен – Сырдария мен Амударияның суын
бұрып жіберді. Соның нәтижесінде Өзбекстан әлемдегі ең ірі мақта өндірушінің біріне
айналды. Алайда ауыл-шаруашылығының мұндай жетістігі тым қымбатқа түсті – Арал теңізі
тартыла бастады, жергілікті балық шаруашылығы түгел құрдымға кетті, Арал өңірінің ауа
райы күрт өзгере бастады. Ауаға химиялық заттар мен теңіз түбіндегі кепкен тұздың шаңы
жайылды, теңіздің тоқтамай тартылуы салдарынан жергілікті халық ауыр халге түсті.
Жергілікті халықтың арасында ісік ауруы, қанның аздығы, аллергия және т.б. дерттер кең
жайылып, өмірдің орташа ұзақтығы 64-тен 51-ге дейін құлдырады. Арал теңізінің тартылуы
– ХХ ғасырдағы адамның қолымен жасалған теңдессіз апат болып қалды. Аралдың суы
бұрын-соңды болмаған деңгейіне дейін тартылып, теңіз “Солтүстік Арал” және “Оңтүстік
Арал” болып екіге бөлінді.

2. Сізге мектеп оқушыларының алдында ««Мұхиттардың ластануы – адамзат үшін қауіпті»
деген тақырыпта ауызша баяндама жасау тапсырылды. Ауызша баяндама жасауда мәтін
ақпаратын қолданыңыз, сөз әдебі мен сөйлеу этикетін сақтаңыз.



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Гость Дарина
Гость Дарина

Можно сор по казахскому 

jarilgasova
jarilgasova

Педагогическая платформа для учителей

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.