Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Русский раздел » БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 11 сынып 4 тоқсан «Ұлт мұраты - ұлттық қауіпсіздік»

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 11 сынып 4 тоқсан «Ұлт мұраты - ұлттық қауіпсіздік»

11 мар 2024, 18:27
Русский раздел / СОР СОЧ / 11 класс
384
0

Жиынтық бағалау «Ұлт мұраты - ұлттық қауіпсіздік»

Қазақ тілі мен әдебиеті 11 сынып 4 тоқсан

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 11 сынып 4 тоқсан «Ұлт мұраты - ұлттық қауіпсіздік»

«Ұлт мұраты - ұлттық қауіпсіздік», «Бос уақыт – қоғам дамуының көрсеткіші» 
бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 11.3.6.1
11.4.2.1
мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген 
мәселеге баға беру, өзіндік көзқарасын жүйелі, 
дәлелді жеткізу
қажетті ақпараттарды орынды қолданып, 
көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе 
жазу (дискуссивті эссе, аргументативті эссе)
Бағалау критерийі Білім алушы
 Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге 
дәлелді көзқарасын білдіреді
 Қажетті ақпараттарды қолданып, өз ойын дәлелдеп 
аргументативті эссе жазады
Ойлау дағдыларының 
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді оқып, ПОПС формуласы бойынша көзқарасыңызды түсіндіріңіз.
ПОПС формуласы
1) Бірінші сөйлем «Менің ойымша, мәтінде көтерілген мәселе...»
2) Екінші сөйлем «Себебі…» 
3) Үшінші сөйлем «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын…»
4) Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім...».
Оқылым мәтіні
Ата-бабаларымыздан мирас есебінде қалған құндылықтардың бірі – бір ананың 
баласындай, бірге туып өскен бауырдай болып үлкенге құрмет, кішіге ізет ету. Ақ 
жаулықты әженің өнегелі өсиеттерімен, ақ сақалды қарияның алақанға сап берген 
батасымен, тоғыз ай толғатып, өмір сыйлаған аяулы ананың ақ сүтімен, асқар таудай 
әкенің тәрбиесімен бойға сіңген игі қасиеттер өскелең ұрпақ болашағының жарқын 
болуына бірден-бір таптырмас кепілдік болар еді. Осы тұста мынадай сұрақ туындайды.
Болашақ кімнің қолында?! Ол сіз бен біздің қолымызға көшетін бір мемлекеттің тамыры 
тереңге кеткен тағдыры деп білемін. Ал тағдырды тағылымды да тарихи етіп жазу тағы да 
біздерге байланысты. Біздер деген кімдер?! Олар – кеудесінде «қазақ» деп соғатын 
жұдырықтай жүрегі бар, көкірегінде отанға деген сүйіспеншілік сезімі ұялаған, ұлттық 
болмысы сақталған қазақ елінің азаматтары мен азаматшалары. 
Ұлттық құндылықтар – ұлт қорғаны. Неліктен?! Себебі «Ел боламын десең, бесігіңді 
түзе» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, ұлт қорғаны болуы үшін де бесікте берілер тәлімтәрбиенің нәрімен жас сәби сусындап өсуі қажет. Сәби кезде құлағына анасының әуелеген 
бесік жыры мен кимешек киген әжесінің айтқан ертегілері, аңыз-әңгімелері сіңірілуі тиіс. 
Ұлттың болмысы рухани құндылықтардың сақталуынан айқындалады. Ал осы тұста 
«құндылық дегеніміз не?» деген сауалға жауап іздеп көрелік. Құндылық дегеніміз атабабамыздан керуеннің көшімен, аттың дүбірімен жалғасын тауып осы кезге дейін жеткен 
әдеп-ғұрыптарымыз, салт-дәстүрлеріміз, тәлім-тәрбиеміз, дініміз десе болады. 
2. Көпмәдениеттілік, көпдінділік, көпұлттылық жағдайында ел бірлігін, ел 
қауіпсіздігін қалай нығайтуға болады? Пікіріңізді растайтын аргументтер мен дәлелдер 
келтіре отырып, эссе жазыңыз.
______________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.