Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Русский раздел » ТЖБ 6 сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті»  2-тоқсан

ТЖБ 6 сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті»  2-тоқсан

07 дек 2023, 13:10
Русский раздел / СОР СОЧ / 6 класс
838
1

«Қазақ тілі мен әдебиеті»  пәнінен 6 сынып 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес)

Тоқсандық жиынтық бағалаудың құрылымы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент - тыңдалым, екінші компонент - оқылым, үшінші компонент - жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент - айтылым дағдыларын тексеруге арналған.


ТЖБ 6 сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті»  2-тоқсан

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Қуат көзін үнемдей білеміз бе?
Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада
Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Қазақстан қорықтары
Тыңдалым
Электр қуатын үнемдеу - жаһандық деңгейдегі маңызды мәселе. Оның балама көзін
қарастыру үшін әлемнің сарапшылары талай бас қосты. Осы бағыттағы жұмысты жүйелеу
үшін Қазақстанға БҰҰ өкілі Гордон Джонсон арнайы келді. Ол елімізді аралап, желдің соғу
бағытына зерттеу жұмысын жүргізген.
Бізде жел қуатын пайдалануға арналған арнайы бағдарлама бар. Алғашқы жоспар
бойынша сағатына 1,82 трлн. киловат қуат өндіру көзделген. Ал бағдарламаның екінші
бөліміндегі бес мегаваттық жел қуаты бекеті Қытай шекарасына жақын Жоңғар қақпасының
маңайында болады. Осы жобаны жүзеге асыруға Вашингтондағы Әлемдік қоршаған ортаны
қорғау тәуелсіз ұйымы екі миллион доллар қаржы бөлген.
Ал осыған дейін Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында және Қарағанды
облысында жел станциялары салынған. Балама қуат көздерін шығаруда биоқалдықтардың да
орны ерекше. Бейресми ақпаратта көрсетілгендей, жыл сайын мал шаруашылығы саласында
құрғақ күйінде 22,1 млн. тонна қалдық болады екен. Сонымен бірге, 17,7 млн. өсімдік
қалдығын жарату мүмкіндігі бар.
Жетісу өлкесіндегі су жүйесі еліміздегі судың жартысын құрайды. Мұнда бес шағын су
электр станциясы пайдалануға берілген. Ендеше, су көзі тапшы аймақтар жел қуатын
пайдалану керек. Алпысқа жуық мемлекет өздеріне жел қуатымен жұмыс істейтін электр
станцияларын салған. Сондықтан бізге де қолда бар мүмкіндікті пайдаланатын уақыт жетті.
1. Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз.
a)Ауыл, зерттеу, топырақ
b)Отан, бала, қала
c)Станциялар, зерттеу, қаржы
d)Зерттеу, адамдар, күш
[1]
2. Мәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін тұжырымды анықтаңыз.
a)Еліміздегі түрлі станцияларды көбейту
b)Еліміздегі ауыз су мәселесін шешу
c)Еліміздегі жер сілкінісінің алдын алу
d)Еліміздегі өсімдіктерді қорғауға алу
[1]
3. Берілген сөйлемдердің қайсысы негізгі және қосымша қапарат екенін ажыратаңыз.



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Гость Гульмира
Гость Гульмира

ТЖБ  қазақ тілі мен әдебиеті 6 орыс сынып

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.