Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Русский раздел » БЖБ Қазақ тілі 4-сынып, 4 тоқсан «Ғарышқа саяхат»

БЖБ Қазақ тілі 4-сынып, 4 тоқсан «Ғарышқа саяхат»

27 фев 2024, 17:18
Русский раздел / СОР СОЧ / 4 класс
300
0

«Ғарышқа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Қазақ тілі 4 сынып 4 тоқсан (оқыту қазақ тілінде емес)

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ Қазақ тілі 4-сынып, 4 тоқсан «Ғарышқа саяхат»

«Ғарышқа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым
Айтылым 
Оқу мақсаты 4.1.3.1* Тыңдалған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны 
бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және 
түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер 
құрастыру/болжау
4.2.1.1* Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас 
сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тыңдалған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді
• Мәтіннен қажетті ақпараттарды анықтайды
• Сөйлеу барысында қарама-қарсы мағыналы сөздерді 
қолданады
Ойлау дағдыларының 
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Ай – Жерге ең жақын орналасқан суық аспан денесі. Ол өзінен жарық 
шығармайды. Айға күн сәулесі түседі, сондықтан ол жарқырап тұрады. Ай Жерден 
әлдеқайда кіші. 
Ай өте үлкен және жарық, сондықтан ол әрқашан адамдарды қызықтырды. 1969 
жылы Айға алғаш рет ғарышкерлер барды. Айда олардың іздері әлі сақталған. Себебі 
Айда іздерді жоятын жел де, су да жоқ. 
Айда өмір сүруге болмайды. Өйткені онда ауа жоқ. Бірақ адамдар болашақта 
Айға үй салып, өмір сүруді армандайды. 
1) Адамдар Айға неліктен қызығады?_________________________________________
2) Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтыр.
• Айға _____________________ түседі, сондықтан ол жарқырап тұрады.
• Айдағы іздер жойылмайды, себебі ______________________________.
2-тапсырма
Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып айт. 
Жақын, ірі, суық, бұрынғы, үлкен
Оларды қатыстырып «Күн жүйесі» тақырыбында сөйле.



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.