Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Русский раздел » БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 9 сынып 4 тоқсан «Роботтар мен киборгтер әлемі»

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 9 сынып 4 тоқсан «Роботтар мен киборгтер әлемі»

05 мар 2024, 15:57
Русский раздел / СОР СОЧ / 9 класс
199
0

Жиынтық бағалау «Роботтар мен киборгтер әлемі»

Қазақ тілі мен әдебиеті 9 сынып 4 тоқсан

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні (оқыту қазақ тілінде емес) бойынша жиынтық ағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.


БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 9 сынып 4 тоқсан «Роботтар мен киборгтер әлемі»

«Роботтар мен киборгтер әлемі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 9.3.1.1 Мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтау, 
қорытынды жасау
9.4.1.1 Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін 
сақтап, аннотация, нұсқаулық жазу
Бағалау критерийі Білім алушы:
 Мәтіннен маңызды ақпараттарды анықтап, 
қорытынды жасайды
 Жанрлық және стильдік ерекшелігіне сай аннотация 
нұсқаулық жазады
Ойлау дағдыларының 
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді оқыңыз. «Сіздің ойыңызша, мәтін бойынша көтерілген мәселелердің қайсысы 
өзекті?» сұрағы бойынша «ПОПС формуласы» негізінде өз жауабыңызды білдіріңіз.
«ПОПС формуласы»
Менің ойымша, ...
Оны былай түсіндіремін: ...
Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдеймін: ...
Ойымды былай қорытындылаймын: ...
Роботтардың пайдасы мен зияны
ХХІ ғасыр – ақпараттандыру технологиясы, жасанды интеллектінің дамыған заманы. 
Күнделікті өмірімізге роботтың да қарқындап еніп, түрлі салаларда өз міндеттерін атқарып 
жатқаны да соның бір дәлелі болса керек. Қазір роботтар ғарышты игеру, денсаулық 
сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және басқа да салаларда 
қолданылады. Әрине, роботтың адамға тигізетін пайдасы зор. Адам өзінің физикалық және 
ой еңбегін жеңілдету мақсатында роботтарды ойлап тапқан. Оны үнемі жетілдіріп, 
дамытып отырады. Адам ағзасы ыстық пен суыққа төзімсіз. Сондықтан да адамның 
жүруіне қауіпті жерлерде, жер асты, ай бетіндегі зерттеу жұмыстарында, адамның 
денсаулығына зиян келетін өндіріс орындарында, дәлдікті қажет ететін медицина, есептеу 
салаларында роботтың атқаратын қызметі, адамға әкелетін пайдасы ұшан-теңіз. Қазірдің 
өзінде роботтар қонақүй жұмысшыларын алмастыра алады, жол қозғалысын реттей алады, 
көлік жүргізіп, басқа да заттарды істей алады.
Сонымен қатар роботтың адамзатқа тигізетін зияны да жоқ емес. Британ ғалымдары 
роботтар адамдардың жұмыс орнын қаншалықты баса алатынын есептеді. АҚШ-тың 
өзінде алғашқы онжылдықта мамандықтардың 47%-ы толықтай автоматтандырылып, 
адамзат болашақта жұмыссыз қалуы әбден мүмкін. Бұл көрсеткіш Германияда 35%, 
Ұлыбританияда 30%, Жапонияда 21% болмақ. Қаржы саласындағы жұмыс орындарының 
61%-ын роботтар алмастырады. Ал білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет 
көрсету саласында жасанды интеллектінің үлесі аз болады.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, еңбек нарығындағы бұл өзгеріс әлеуметтік 
теңсіздікке де әкелуі мүмкін. Сонымен қатар байлар мен кедейлердің арасы алшақтай




Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.