Түсінік хат
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604
бұйрығымен бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, «2019-2020 оқу
жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»
әдістемелік нұсқау хатқа, «ҚР бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік типтік оқу жоспарларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі №441 бұйрығы, «Жалпы білім беру
ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын
бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (ҚР Әділет
министрлігінде 2017 жылы 13 қарашада № 15982 тіркелген) бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы
үлгілік оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып құрылды.
2. Қазақ тілі пәнін оқыту мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, қазақ әдеби тілі
нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
3. "Қазақ тілі" оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктеріне коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым,
айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану;
2) тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу;
3) аудиовизуалды материалды тыңдау барысында өз көзқарастарын білдіру;
4) мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды, синтез, анализ жасау дағдыларын қалыптастыру.
4. Қазақ тілі" пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 9-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.
5. Оқу мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қа