Түсінік хат
2024-2025 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының «Білім
туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 –
2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын, «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары
туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» және т.б., Заңдарды және басқа да
заңнама актілерін басшылыққа алуы және оқыту процесін келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асыруы тиіс:
«Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 12.01.2022 ж. №4 бұйрығы)
«Білім беру ұйымдарында психологиялықпедагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 12.01.2022 ж. №6
бұйрығы) «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 12.01.2022 ж. №4 бұйрығы)
Медициналық көрсеткіштер бойынша үйде оқитын ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар үшін педагог оқу
жүктемесін және олар зерттеген оқу материалын ескере отырып, жеке бақылау тапсырмаларын әзірлейді.
Есту, көру, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеуі ауыр бұзылған, психикалық дамуы тежелген оқушыларға арналған типтік оқу
жоспарларының инвариантты бөлігінің жалпы білім беретін пәндерінің тізбесі және олардың негізгі мазмұны ҚР Мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келеді. Оқыту білім алушылардың психофизикалық
ерекшеліктерін, танымдық мүмкіндіктерін, сондай-ақ ұзақ оқу мерзімдерін ескере отырып, бастауыш білім берудің оқу
бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларын (бағдарламалар Академияның www.uba.edu.kz сайтында
орналастырылған) пайдаланумен жүзеге асырылады. Типтік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары негізінде педагогикалық
кеңесте талқыланатын және білім беру ұйымының басшысы бекітетін жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламалары әзірленеді. мен
ұсынымдарына сәйкес зияты төмен білім алушылар үшін