БЖБ Қазақ тілі 3-сынып, 4 тоқсан «Су - тіршілік көзі»

«Су - тіршілік көзі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Қазақ тілі 3 сынып 4 тоқсан (оқыту қазақ тілінде емес)

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ Қазақ тілі 3-сынып, 4 тоқсан «Су - тіршілік көзі»

«Су - тіршілік көзі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің 
түрлері
Тыңдалым
Айтылым 
Оқу мақсаты 3.1.2.1* Баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер 
және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі 
сөйлемдердің мазмұнын түсіну
3.2.4.1* Жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер 
негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау
3.2.5.1* Оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін 
(менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., 
себебі ...) дәлелдеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шағын мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын 
ажыратады 
• Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды
• Мәтіннің мазмұнына қатысты пікірін білдіреді
Ойлау дағдыларының 
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді тыңда. Тапсырманы орында.
• Берілген сөйлемдерге сәйкес суретті тауып, ретін көрсет (1,2, 3).
 Аулада құмыра тұр. Оның ішінде суы бар. Аулаға қара қарға келіп қонды. 
Қарғаның су ішкісі келді. Құмыра биік. Қарғаның тұмсығы құмырадағы суға 
жетпеді. Ол жерде жатқан тасты көрді. Қарға тасты құмыраның ішіне салды.
Құмырадағы су көтерілді. Қарға су ішті.
1) Аулада суы бар құмыра тұр. 2) Қарға құмыраға тас салды.
3) Құмырадағы су көтерілді.