Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ «Қазақ тілі» 7-сынып 2-тоқсан «Музыка өнері . Морфология»

БЖБ «Қазақ тілі» 7-сынып 2-тоқсан «Музыка өнері . Морфология»

23 ноя 2023, 15:50
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 7 сынып
199
1

«Музыка өнері . Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі» 7-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 7-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ «Қазақ тілі» 7-сынып 2-тоқсан «Музыка өнері . Морфология»

Бөлім «Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Морфология»
Оқу мақсаты7.2.5.1мәтінбойыншапроблемалықсұрақтарқұрастыру
7.3.2.1жанрлықжәнестильдікерекшеліктерінесай
көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын
мақала құрастырып жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Орындау уақыты
Білім алушы
Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады
Жанрлықжәнестильдікерекшеліктерінесай
ақпараттық мақала құрастырып жазады
Жоғары деңгей дағдылары
15-20 минут
Тапсырма
1.Мәтіндімұқиятоқып,мазмұныбойыншакемдегендеүшпроблемалықсұрақ
құрастырыңыз.
Домбыра туралы аңыз
Домбыра аспабының қалай пайда болғаны жайлы аңыз әңгімелер аса мол. А.Сейдімбек
«Күй шежіре» еңбегінде домбыра аңыздарына ерекше назар аударған. Соның бірі Шығыс
Қазақстан облысы Күршім ауданынан Арғынбек Қилыбаев ақсақалдың баяндауындағы
«Қос ішек» күйінің аңызы.
Ертеде биік таудың қиясын тұрақ еткен, бұғы-маралды аулап азық етіп күнін көрген
бір аңшы жігіт болады. Бірде жолы болып, биік таудың қиын қиясынан теңбіл марал атып
алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек-қарынын ақтарып тастайды. Содан арада айлар
өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал тұс еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге
соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың
ішегін қарға-құзғын іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп
қалғанынкөреді.Ызыңдағандыбыстыңсолішектеншығыптұрғанынаңғарады.
Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы
дыбыс шығарады. Бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай болып, аңшы
жігітті алуан түрлі күйге түсіреді. Сол жерде аңшы жігіт қой мына қос ішекке тіл бітейін
деп тұр екен, бір амал жасайын деп, ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос
ішекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя
береді. Бұл үн жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады.
Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады.



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Гость Гульшат
Гость Гульшат

барлығы тамаша

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.