Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ 10-сынып Қазақ тілі, 1-тоқсан «Қазіргі қоғам құндылықтары»

БЖБ 10-сынып Қазақ тілі, 1-тоқсан «Қазіргі қоғам құндылықтары»

14 дек 2023, 17:00
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 10 сынып
69
0

«Қазіргі қоғам құндылықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі» 10-сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 10-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 10-сыныптары«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.


БЖБ 10-сынып Қазақ тілі, 1-тоқсан «Қазіргі қоғам құндылықтары»

«Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті» бөлімі
бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.1.3.1 Мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси)
талдай отырып, негізгі ойды анықтау және ғаламдық
мәселелермен байланыстыру
10.4.2.1 Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас
бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу
мәнеріне сай қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
Көтерілген мәселенің (қоғамдық-саяси) негізгі ойын
ақытап, ғаламдық мәселелермен байланыстырады
Интонация: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті
сөйлеу мәнеріне сай қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Елбасы: «Ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды»
Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық
салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен
айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Бұл туралы бүгін Мемлекет
басшысы «Егемен Қазақстан» газетінде шыққан «Болашаққа бағдар – ұлттық жаңғыру»
атты мақаласында жазды.
«Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның
екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық
болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Қазір салтанат
құрып тұрған жаңғыру үлгілерінің қандай қатері болуы мүмкін? Қатер жаңғыруды
әркімнің ұлттық даму үлгісін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ретінде қарастыруда
болып отыр. Алайда өмірдің өзі бұл пайымның түбірімен қате екенін көрсетіп берді. Іс
жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда», - деді
ол.
Кәсіби біліктілігіне қарап бағаланатын меритократиялық қоғам жең ұшынан
жалғасқан тамыр-таныстықты көтермейтіндігіне тоқталып өткен елбасы, жершілдік
мәселесіне де назар аударып өтті:
«Әрине, туған жердің тарихын білген және оны мақтан еткен дұрыс. Бірақ одан да
маңыздырақ мәселені – өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте
болмайды. Осының бәрін егжей-тегжейлі айтып отырғандағы мақсатым – бойымыздағы
жақсы мен жаманды санамалап, теру емес. Мен қазақстандықтардың ешқашан
бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код,
ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін
ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек».



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.