Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ 11-сынып «Қазақ әдебиеті», 2-тоқсан ҚГБ «Пайым мен парасат2»

БЖБ 11-сынып «Қазақ әдебиеті», 2-тоқсан ҚГБ «Пайым мен парасат2»

19 дек 2023, 11:22
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 11 сынып
117
0

Пайым мен парасат» бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ әдебиеті» 11-сынып 2-тоқсан

Әдістемелікұсыныстармұғалімге 11-сыныпоқушыларына«Қазақәдебиеті»пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 11-сынып«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақтақырыпбойыншажиынтықбағалаудыңтапсырмаларымұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған.


БЖБ 11-сынып «Қазақ әдебиеті», 2-тоқсан ҚГБ «Пайым мен парасат2»

«Пайым мен парасат» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
С. Елубай «Жалған дүние» романы
Оқу мақсаты 11.2.4.1 көркем шығармадағы ғаламдық тақырыптарға
креативті ой қосып шығармашылық, жұмыс (эссе,
әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Шығармадағы мәселені ғаламдық деңгейде талдап,
көтерілген мәселе бойынша креативті жұмыс жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. Шығармада қандай мәселе көтерілген? Шығармадан кем дегенде 2 мысал келтіріңіз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
2. Үзінді арқылы автор қандай астарлы ойды жеткізіп тұр? Кейіпкердің өмірден түңілу
себебін түсіндіріңіз.
«...Бұ заман, бұ қоғамның өгей баласы екен Едіге, енді аялдайтын несі қалды?! Бұған кер
заман сыртын берген екен, бұл неге сол кер заманға сыртын бермеске?! Едігемен ұстасқан,
Едігемен тістескен заман!!! Кер заман!!! Мен жеңілдім! Сен жеңдің! Мен жалғыз да, сен –
көпсің. Сен қал! Мен кеттім! Қарамды батырдым. Қош!!! Едігесіз қалғанына бұл қоғам, бұ
заман қуанбаса, қуармайтын тәрізді. Жалғызға қашанда жабыла кетуге бейім, ылғи да
жалғызды жайпап тастауға бейім, қатыгез де әділетсіз дүние кәзірде тұлан тұтып тұр,
бұны тезірек қыр асыра тұрып қарасын батырғысы келетіндей...»
_______________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
3. «Адамға, ең алдымен, жанның қажеті, рухтың азығы қажет. Соны ұмытқан сәттен
бастап, адамның хайуаннан көп айырмасы болмайды».
Үзіндіде автор қандай ғаламдық мәселені қозғаған? «Едіге – тағдыр тәлкегіне қарамастан
рух тәуелсіздігіне қарсы күрескен жанкешті адам» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз. Сөз
көлемі – 100-120 сөз.
________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.