ТЖБ Қазақ әдебиеті 5-сынып 3-тоқсан
3-тоқсандық жиынтық бағалау «Қазақ әдебиеті» 5 сынып
«Қазақ әдебиеті» 5 сынып 3-тоқсан
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. «Қазақ әдебиеті» (бірінші тіл) пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен, 11 тапсырмадан тұрады:
Бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екіншісі - анализ және интерпретация, үшіншісі - бағалау және салыстыру дағдыларын тексеруге арналған.
ТЖБ Қазақ әдебиеті 5-сынып 3-тоқсан
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Ақын «Егіннің бастары» өлеңінде адамның әрекетінен нені тұспалдайтындығын табыңыз.
А. мінезін
В. сымбатын
С. киімін
Д. шашын
[1]
2. «Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады.
Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып
шығарсың. Сонда маған шапағатың тиер...» деген кімнің сөзі екенін табыңыз.
А. Жантас
В. Жанар
С. Даулет
Д. Сұлтан
[1]
3. «Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым
Тұқымын адамдықтың шаштым ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың...» деген өлең жолдарынан ақынның нені үндегісі келетінін
аңғаруға болады?
А. халықты еңбек етуге
В. халықтың мінезін өзгертуге
С. халықты сауатты болуға
Д. халықтың болашағын ойлауға
[1]
4. «Мұғалімдердің алды тысқа шығып үлгерді. Дымымды ішіме бүгіп, теректің діңіне
жабысып, қаттым да қалдым. Ахметов пен Майқанова оқшауланып, бермен қарай бұрылды.
Екеуі мен тұрған теректің түбінен өтіп барады. «Қадыров түбінде адам болатын бала» деді...»
кімнің сөзі екенін табыңыз.
А. Ахметов
В. Михайлова
С. Майқанова
Д. Оспанов
[1]
5. М. Қабанбайдың «Бауыр» әңгімесінде оқиға желісінің қалай аяқталатындығын табыңыз.
А. Қали ағасымен қимай қоштасты.
В. Манап інісімен қоштасып, вокзалға қарай кетті.
С. Інісі мен ағасы арасындағы әңгіме жарасымын тапты.
Д. Манап інісін балалар үйінен өзімен бірге алып кетті.
[1]
6. «Бауыр» әңгімесінде Манап інісіне әкесінің қазасы жайында салт-дәстүрді қалай сипаттап
жеткізетіндігі жайлы өз ойыңызды 2-4 сөйлеммен білдіріңіз.
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
[2]
Cкaчaть документ