Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » ТЖБ Химия 8 сынып 3-тоқсан

ТЖБ Химия 8 сынып 3-тоқсан

20 фев 2024, 14:34
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 8 сынып
128
0

«Химия» 8 сынып 3-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Химия» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)

ТЖБХимия 8 сынып 3-тоқсан

«Химия» пәнінен 3-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмаларының үлгісі
1. Сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электрондар саны бірдей элементтер қатарын
анықтаңыз.
A) Ca, Mg, Li
B) Li, H, C
C) Al, B, Ga
D) K, F, Li
[1]
2. Ковалентті полюсті байланыстарды сипаттайтын дұрыс тұжырымдарды көрсетіңіз.
1. Атомдар арасында байланыс ортақ электрон жұбы арқылы түзіледі
2. Байланыс түзетін атомдардың электртерістілігі бірдей
3. Ортақ электрон жұбы электртерістілігі көбірек атомға қарай ығысып орналасады
4. Байланыс түзуге әр түрлі бейметалл атомдары қатысады
5. Байланыс түзуге бірдей бейметалл атомдары қатысады
A) тек 1,3,4
B) тек 2,3
C) тек 1,3
D) 2,4,5
[1]
3. Берілген қосылыстардың ішінде тек иондық байланыспен байланысатын қосылыстардың
қатарын көрсетіңіз.
A) О3, SO3, HCl
B) NaCl, CaO, Al2S3
C) KF, CO2, H2
D)Al2S3, О2, SO3,
[1]
4. Тұрмыста жиі қолданылатын заттарды: ас тұзы, марганцовка және тырнақ бояуын өшіруге
арналған сұйықтықтың ішіндегі - ацетонды суда ерігіштігі бойынша қандай заттардың
тобына жатқызуға болады?
A) аз еритін
B) ерімейтін
C) нашар еритін
D) жақсы еритін
[1]
5. Йод - жай зат ретінде қара сұр түсті, кристалды қатты зат.
Оның 5% -дық спирттегі ерітіндісі медицинада көбінесе ашық
жараларды зарарсыздандыру үшін және қанды ұйыту үшін қолданылады.
Йод ерітіндісі туралы дұрыс тұжырымды таңдаңыз.
A) Йод суда ерімейді
B) Йод суда да, спиртте де жақсы ериді
C) Йодтың судағы ерітіндісін қолдануға тиым салынған
D) Йод суда нашар еритіндіктен оның спирттегі ерітіндісі қолданылады



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.