Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » Жаратылыстану 5-сынып күнтізбелік тақырыптық жоспар

Жаратылыстану 5-сынып күнтізбелік тақырыптық жоспар

10 авг 2023, 09:13
Қазақша / КТЖ / 4 сынып
95
1

«Жаратылыстану» пәні бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспар


5-сынып аптасына 2 сағат, барлығы 72 сағат


     «Жаратылыстану» оқу пәнінің мазмұны табиғатты ғылыми тұрғыдан танудың әдістерін ашады;


      Жаратылыстану курсын оқытудың мақсаты оқушылардың бойында ғылыми-жаратылыстану білімдерін, түсініктерін және саналы қоғамдастығы бар бірегей ғаламшар ретіндегі Жер туралы біртұтас көзқарастарын, табиғат пен қоғамның өзара жүйелі байланысын, жүйелі-кешенді ойлау мен функционалдық сауаттылықтарын дамытуды қалыптастыру болып табылады.


Оқытудың міндеттері: 


- курс бастауыш мектепте алған білім, біліктілік және дағдынының сабақтастығын әрі қарай жалғастырады, сонымен қатар Отанын, туған табиғатын сүюге деген жоғары рухани ізгілікті, көптілділік және жеке тұлғаның жалпы мәдениеттілігін тәрбиелеуді жалғастырумен ұштастырылады;


- экологиялық білімді, денсаулыққа зиянсыз іс-әрекетті, табиғат құбылыстарын жоғары деңгейде түсіндіре білу және өз іс-әрекетінің қорытындыларын алдын-ала болжауды жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру;


-қоршаған ортаны танудың ғылыми жаратылыстану тәсілдерін пайдалану дағдылары (бақылау, өлшеулер, тәжірибелер, зерттеу жұмыстарының жоспарын жасау, нәтижелерді талдау және қорытындыларды тұжырымдау) дамытылады.


    Бақылаулар және практикалық жұмыстар мектептің оқу-тәжірибелік үлескісінде өткізіледі. Бағдарламада берілген барлық практикалық іс-әрекеттер дамытушы және қалыптастырушы болып табылады.


Негізгі мектепте «Жаратылыстану» пәнін оқу:


1) қоршаған әлемнің көп қырлылығын, табиғи құбылыстар мен үдерістердің өзара байланысын және себептерін;


2) көптүрлі табиғат құбылыстары мен нысандарын жүйелеу принциптерін түсінуге мүмкіндік береді.


5. «Жаратылыстану» пәнінен оқу бағдарламасы негізгі мектепте зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдылар мен біліктіліктер негіздерінің қалыптасуына бағытталған:


1) гипотеза құру және оларды тексерудің жолдарын ұсыну, эксперименттер арқылы алынған мәліметтер негізінде қорытынды жасау;


2) зерттеу мәселелерін дұрыс алу, зерттеу жұмысының жоспарын құру, бақылаулар мен эксперименттер нәтижелерін бағалау және сипаттау, қорытынды шығару;


3) бұқаралық ақпараттық құралдары хабарламаларындағы, интернет желісі ресурстарындағы, ғылыми-көпшілік әдебиеттердегі жаратылыстану бағытындағы ақпараттармен жұмыс: іздеу әдістерін игеру, ақпараттың мағыналық негізін анықтау және ақпараттың растығын бағалау;


4) зерттеу қорытындыларын түрлі формада ұсыну;


5) жаратылыстану ғылымы бағытындағы маңызды жетістіктердің қолданбалы мәнін түсіндіру.


6. «Жаратылыстану» пәні негізгі мектептегі «Биология», «География», «Химия», «Физика» пәндерін зерделеу, негізін қалауға бағытталған кіріктірілген курс болып табылады.


7. Бағдарламаның мақсаты оқушыларды жаратылыстану ғылымы тұрғысынан табиғат пен қоғамның өзара байланысы, табиғаттағы заңдылықтардың біртұтастығы туралы білім, ұғым, түсінік қалыптастыру және білімдерін күнделікті өмірде кездесетін табиғат құбылыстары мен үдерістерін түсіндіру, сипаттау, болжау үшін қолдану білігін дамытуға бағытталған.


8. Пән бағдарламасы келесі міндеттерді шешуге бағытталған:


1) әлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымы тұрғысынан қалыптасқан бейнесі мен жаратылыстану ғылымдарының әдістері туралы білім негіздерін қалыптастыру; жаратылыстанудың техника мен технология дамуына елеулі ықпал еткен маңызды идеяларымен, жетістіктерімен таныстыру;


2) білімдерін қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіндіру үшін қолдану және бұқаралық ақпараттық құралдары, интернет ресурстары, арнайы және ғылыми-көпшілік әдебиеттерден алынған жаратылыстану ғылымы тұрғысынан және өмірлік маңызды мазмұны бар ақпаратты қабылдау біліктіліктеріне ие болу;


3) зияткерлік, шығармашылық қабілеттерді, сын тұрғысынан ойлау қабілетін қарапайым зерттеулер, құбылыстарды талдау, жаратылыстану ғылымдық ақпаратты қабылдау және түсіндіру барысында дамыту;


4) күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау үшін жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін қолдану.


Бағдарламада оқу мақсаттарын пайдалану ыңғайлылығы үшін кодтау енгізілді. Кодта бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар – бөлім мен бөлімшенің, төртінші сан – оқу мақсатының реттік санын білдіреді. Мысалы, 5.2.1.4. кодында «5» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.


 

Р/с


Бөлім/


Ауыспалы тақырыптар


Сабақтардың тақырыбы


Оқудың  мақсаттары


С/с


Мерзімі


Ескерту


 

 

 

 

 

1 тоқсан (17 сағат)


 

 

 

 

1.    

 

5.1А


Ғылым әлемі


Ғылымның рөлі.


Зерттеу сұрағы §1


5.1.1.1- ғылымның қызметтерін адам іс-әрекетінің түрі ретінде анықтау


5.1.2.1- зерттеу сұрағы мен болжамды тұжырымдау


1


 

 

 

2.    

 

 

Зерттеуді жоспарлау


§2


5.1.3.1- зерттеу жоспарын құрастыру


5.1.3.2 - зерттеу жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін тұжырымдау


1


 

 

 

3.    

 

 

Деректерді жинау және жазу§3


5.1.4.1 -нысандар параметрлерін өлшем бірліктермен анықтау


1


 

 

 

4.    

 

 

Деректерді талдау


Қорытынды және талқылау§3 БЖБ №1


5.1.5.1 - қайталанған өлшеулер кезіндегі арифметикалық орташа шаманы есептейді және тенденцияларын анықтау


5.1.6.1- зерттеу сұрағы бойынша қорытынды тұжырымдау


1


 

 

 

5.    

 

5.1В   Ғалам.


Жер. Адам


Макроәлем және микроәлем §4,5


5.2.1.1-макро және микроәлем нысандарын ажырата білу және мысалдар келтіру


1


 

 

 

6.    

 

 

Жер ғаламшарының пайда болуы. §6


5.2.2.1-Жер ғаламшарының пайда болуын түсіндіру


1


 

 

 

7.    

 

 

Жердің құрылысы мен құрамы.Жер қабықтары және олардың құрамы §8


5.2.2.2- Жердің құрылысы мен құрамын атау


5.2.3.1- Жер қабықтарын және олардың құрамдас бөліктерін сипаттау


1


 

 

 

8.    

 

 

Жерде тіршіліктің


пайда болуы §9 


5.2.4.1 -Жерде тіршіліктің пайда болуын  сипаттау


1


 

 

 

9.    

 

 

Тіршілік ету жағдайлары§7,


5.2.4.2- тіршілік етуге қажетті жағдайларды анықтау


1


 

 

 

10. 

 

 

Жергілікті жердің жоспары. §10


5.2.5.2 -шартты белгілерді қолданып, жергілікті жердің планын оқу


1


 

 

 

11. 

 

 

Шартты белгілер §11


5.2.5.1 -«жоспар» және «шартты белгілер» ұғымдарын түсіндіру


1


 

 

 

12. 

 

 

Жергілікті жердің түсірілімі. Жоспарды рәсімдеу ережесі §12


 

5.2.5.3 -бір тәсіл бойынша жергілікті жердің түсірілімін жасау (көз мөлшермен түсіру, полярлық түсіру, бағдарлық түсіру)


5.2.5.4- тіркеу талаптарына сай жергілікті жердің қарапайым пландарын сызу


1


 

 

 

13. 

 

 

Дүние бөліктері мен материктерді игеру және зерттеу тарихы §13


5.2.6.1- материктер мен дүние бөліктерін игеру және зерттеу тарихын сипаттау


1


 

 

 

14. 

 

 

Мұхиттарды зерттеу тарихы§14


БЖБ №2


5.2.6.2- мұхиттарды зерттеу тарихын сипаттау


1


 

 

 

15. 

 

 

Дүниежүзі халқының нәсілдік құрамы


Нәсілдік белгілердің қалыптасуы. §15              


 

5.2.7.1 -дүниежүзі халқының нәсілдік құрамын, негізгі нәсілдер мен нәсіларалық топтардың таралу аймақтарын анықтау


5.2.7.2 -нәсілдік белгілердің қалыптасу факторларын анықтау


1


 

 

 

16. 

 

 

ТЖБ


Оқушылардың білімін жинақтау, бақылау


1


 

 

 

17. 

 

 

Нәсілдер теңдігі.§16 . Қайталау


5.2.7.3 -нәсілдер теңдігін дәлелдеу


1


 

 

 



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Гулшат
Гулшат

Жаксы ракмет өте керемет!!!!

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.