Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ 10-сынып Физика, 3-тоқсан «Тұрақты ток»

БЖБ 10-сынып Физика, 3-тоқсан «Тұрақты ток»

27 фев 2024, 16:15
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 10 сынып
26
0

«Тұрақты ток» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Физика» 10-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Физика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған

БЖБ 10-сынып Физика, 3-тоқсан «Тұрақты ток»

«Тұрақты ток» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 10.3.2.1 Аралас жалғанған өткізгіштерден тұратын тізбек
бөлігі үшін Ом заңын қолдану
10.3.2.3 Электр қозғаушы күші мен кернеу көзінің әртүрлі
жұмыс режиминдегі (жұмыстық, бос жүріс,
қысқа тұйықталу) байланысын зерттеу
10.3.2.6 Тармақталған электр тізбегіне Кирхгоф заңын
қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын қолданады
 ЭҚК пен кернеудің түсуі арасындағы
айырмашылықты сипаттайды
 Өткізгіштердегі кернеудің түсуін, қуатын есептейді
 Кирхгофф заңдарын теңдеулер жазуда қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырмалар
1. Электрлік су қыздырғышы ұзындығы 20 м кабель арқылы ток көзіне қосылған.
Кабель көлденең қималары 4,0 мм2
екі мыс өткізгіштен тұрады. Мыстың меншікті
кедергісі 1,7 ∙ 10−8 Ом ∙ м.
a) Әр өткізгіштің кедергісі 0,085 Ом болатынын көрсетіңіз.
b) Электрлік су қыздырғышының жұмыстық тогы 37 А. Кабель өткізгіштеріндегі
толық кернеу түсуін есептеңіз.
c) Неліктен кабельге көлденең қимасының ауданы 6,0 мм2 өткізгіштерді қолданған
дұрыс болатынын түсіндіріңіз.
2. ЭҚК-і ε және ішкі кедергісі r батарея тізбекте көрсетілгендей жалғанады.
Кілт ашық тұрған кезде вольтметр көрсетуі 12,0 В. Кілт тұйықталғанда вольтметр
көрсеткіші өзгерді және оның көрсетуі 8,0 В болды.
a) Вольтметр көрсеткішінің өзгеру себебін түсіндіріңіз. Өз түсіндірулеріңізді
формулалар қолдану арқылы жазуға болады.
b) Кілт жабық тұрған кездегі тізбектегі токтың мәнін есептеңіз.
c) Ток көзінің r ішкі кедергісін анықтаңыз.



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.