БЖБ 10-сынып Физика, 3-тоқсан ҚГБ «Тұрақты ток»
«Тұрақты ток» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Физика» 10-сынып 3-тоқсан
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған
БЖБ 10-сынып Физика, 3-тоқсан ҚГБ «Тұрақты ток»
«Тұрақты ток» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 10.3.2.1 - ток көзінің электр қозғаушы күші мен ішкі
кедергі ұғымын түсіну
10.3.2.2 - сыртқы тізбектегі электр қозғаушы күші мен
кернеу түсуінің айырмашылығын түсіну
10.3.2.3 - толық тізбек үшін Ом заңын қолдану және
қысқа тұйықталудың салдарын түсіну
10.3.2.4 - тұрмыстағы электр құралдарының жұмыс құны
мен қуатына практикалық есептеулер жүргізу
Бағалау критерийі Білім алушы
Ток көзінің электр қозғаушы күші мен ішкі кедергі
ұғымын түсіндіреді
Сыртқы тізбектегі электр қозғаушы күші мен
кернеу түсуінің айырмашылығын сипаттайды
Толық тізбек үшін Ом заңын қолданады
Электр құралдарының энергиясын, қуатын
есептейді
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты 30 минут
Тапсырмалар
1. Тізбекке бірнеше ток көзі қосылған. Әрқайсысының ЭҚК-і 1,5 В-қа тең. Әрбір жағдай
үшін тізбектегі қорытқы ЭҚК-інің мәнін анықтаңыз.
(a) (b) (c)
2. Кернеу дегеніміз ...
A) Гальваний элементінде жинақталған заряд мөлшері.
B) Зарядталған объектке берілетін энергия.
C) Белгілі уақыт аралығында тізбек бөлігі арқылы өткен заряд мөлшері.
D) Зарядталған бөлшектер ағынына жасалатын кедергі.
3. Төменде берілген тізбектегі ток күші 0,2 А-ге тең болса, онда ток көзінің ішкі кедергісі
неге тең?
Cкaчaть документ